Архитектуралық ескерткіштер – адамның күнделiктi өмiрiндегі ең көрнекті және қажетті тарихи-мәдени мұралардың бөлігі. Өнердің бұл түрін адам өмірінен ажыратып қарауға болмайды, өйткені материалдық іске асыруы болғандықтан – біз өмір сүріп, жұмыс істеп, оқып дем алып тұрып жатқан бiздiң қалалар және ауылдар, тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар. Ерекше құнды тарихи пайда болған және бүтіндік түрде сақталған сәулеттік ансамбльдер және қала құрылыс кешендерін ұсынады. Архитектуралық  ескерткiштердi қорғаудың басты мақсаты: қазiргi өмірде олардың бастапқы сәулеттік шешiмi және өнерлі қолдануын сақтау. Кез  келген архитектуралық  ескерткiштердi өзгертуге тыйым салынған.

Қарағанды  - жас қала және ескі сәулетті ансамбльдер, алаңдар және ғимараттармен мақтана алмайды. 30-шы жылдарда қаланың құрылыс ошағы ең алдымен көмір хауызының қалануымен іргетасы қаланды. Тек 1936-1937- жылдары алғашқы кірпіштен жасалған көп қабатты ғимараттар  пайда болды. Алғашқы қабатты үй 1932 жылы Костенко,12 көшесінде салынды.

Толығырақ...

Кеншілер мәдениет сарайының ғимараты (1950, Бұқар-Жырау даңғылы, 32) – жергілікті мағынадағы архитектуралық ескерткіштердің бірі

Кеншілер мәдениет сарайы сәулетшілер И. И. Бреннер (1937-1945 жылдар аралығында Қарағандының бас сәулетшісі) және Я. А. Яноштың жобалары бойынша салынды.

Ғимаратты құрастыру барысында классикалық үлгі таңдалып, сәулетіне қазақтың ұлттық өрнектері қолданылған. Кеншілер сарайы симметриялық үш көлемді композициядан тұрады: орталық, театрлы комплекстен тұратын жоғарғы және төменгі фойе, сахнамен қапталдас бүйірлік кулуар және сахна. Қасбеттің орталық бөлігінде   біржарым метрлік тұғыр бетке орналасқан алты бағаналы сатылы дің маңдайша салтанатты көркемдік беріп тұр. Дің маңдай бірлігін, ғылым және өнерді бейнелейтін алты сәнді мүсіндермен  безендірілген: кенші, құрылысшы, бақташы қозысымен, ақын домбырасымен және жауынгер.

Дереккөз: 

Облаткомның ғимараты (бүгінде АО "АрселорМиттал Теміртау" орналасқан) (1938, Бұқар-Жырау даңғылы, 16) – жергілікті мағынадағы архитектуралық ескерткіштердің бірі

Облаткомның ғимараты  сәулетші А. М. Гениннің жобасы бойынша салынған, Қарағанды қаласының бірінші әкімшілік ғимараты болған. Алғашқыда Қазақстан Коммунистік партиясының обкомы және облатком орналасқан.  Бұл ғимарат 50 жылдардың аяғына дейін Қарағанды қаласының негізгі әкімшілік орталығы болды. 3 қабатты облатком ғимараты монументті пішінде симметриялық қасбетте шешім тапқан. Қасбеттің орталық бөлігінде алты бағаналы дің маңдайша текшелі бағаналарымен орналасқан. Қасбеттің оң және сол бөлігі төрт тік үшбұрышты жартылай бағаналарымен аяқталған. Қасбеттің шет жағы да ұқсасты шешім тапқан. Ғимарат кірпіштен қаланған, сыланған.

Дереккөз:

"Қарағандыгипрошахт"  институтының ғимараты (1952, Ленина көшесі, 12) – жергілікті мағынадағы архитектуралық ескерткіштердің бірі

"Қарағандыгипрошахт"  институтының ғимараты Мәскеу сәулетшісі А. Н. Кравец-Кравченскийдің жобасы бойынша салынған. Стильдік  классикадағы үлгіде шешіліп, фасадтың жарты бағаналы ырғақпен қаланың ең әсем сәулетті құрылысының қатарына енгізілді. Институт жұмысының ұлғаюына байланысты, ғимарат 1959 және 1982 жылдарда екі рет жалғай салынып кеңейтілді. Институттың ғимараты – шығыңқы іргелік қабатымен 3 қабатты. Гагарин даңғылына шығатын ғимараттың бұрыш бөлiгiнің үшінші қабаты сағат мұнара және балконмен ерекшеленеді. Ғимарат кірпіштен қаланған.

Дереккөз:

Н. Әбдіров атындағы спорт сарайының ғимараты (1958, Бұқар-Жырау даңғылы, 53) – жергілікті мағынадағы архитектуралық ескерткіштердің бірі

Н. Әбдіров атындағы спорт сарайы сәулетші И. И. Райкиннің жобасы бойынша салынды. Үш қабатты спорт Сарайы Бұқар-Жырау даңғылына шығады және өзінің басты қасбетімен Нүркен Әбдіров даңғылына тұйықталады.

Ең маңызды қала алаңдарын құруда ғимараттың мәні зор. Сарайдың ғимараты жай монументалды үлгіде шешіліп, негізгі фасад керамикалық тақташалармен оюлап әшекейленген, фойе, мәрмәрмен өңделген, екінші қабаты жалпыға ортақ баспалдақпен байланыстырылған. Екінші қабатта орналасқан көпшілік іс-шараларға арналған залға үлкен металлдық әшекей әйнектерден жарық түсіріледі, төбесі және мұнараның жоғарғы бөлігі ойып жасалған оюмен безендірілген, сарайдың ғимараты кірпіштен қаланып, терразитті сылақпен өңделген.

Дереккөз:

  • Памятники архитектуры и градостроительства Карагандинской области: Путеводитель. - Караганда, 1986.-39с.
  • www.karnasledie.kz