Жер бетінде өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отаны үшін, өз халқын, өз елін, өз жерін және тарихын мақтан тұтады. Бізге бүгінгі күнде жарқын болашаққа батыл қадам басу үшін, өткенімізді ұмытпай, бүгінімізді ұлықтауымыз керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан - 2050": стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында
Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек... Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратына кәміл сенемін...
- деп атап өтті.
Курс 3 жылдық оқу мерзіміне жоспарланған. Сабақ тақырыптары әр жыл сайын қайталанып отырады, бірақ материалдар мазмұны тереңдетіліп, жұмыс түрлері де күрделеніледі. Жергілікті ресурстар кеңінен пайдаланылады: өлкетану – тарихи музейі, басқа да мәдени мекемелер, қала кәсіпорындары, тарихи және көрнекті жерлер мен ескерткіш орындары. Бағдарламаның тәжірибелік бағыттары оқушыларға материалды қызмет барысында меңгеруге мүмкіндік береді және жас ерекшеліктеріне лайықталған.
2016 жылы жас өлкетанушыларды өткен мен бүгіннің ғажайып әлеміне еліктіретін қызықты сапар күтеді. Жас өлкетанушылар Қарағанды және Қарағанды облысының тарихы мен мәдениеті бойынша іздеу тапсырмалары мен зерттеу жұмыстарын орындау барысында, өздерінің білімдерін толықтырып, шығармашылық жобаларын жүзеге асырады.
Тарихыңды танып, біл! Қызықты адамдармен кездес, саяхатта, әңгімелес, пікір алмас!
Үйірме жетекшісі – Скокова Мария Игнатьевна
"Жас өлкетанушы" үйірмесінің активтері:
- Богриенко Ксения Сергеевна
- Есимжанов Данир Адильевич
- Зекенов Нариман
- Юрина Полина Алексеевна