Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-дағы мерзімді басылымдар қоры — Қарағанды облысы бойынша ең ірі қор.
Жыл сайын кітапхана қорына 350-дей қазақ және орыс тілдеріндегі мерзімді басылымдар келіп түседі.
Сектордың негізгі мақсаты—қордағы барлық сала бойынша бұрынғы жылдардағы және жаңа басылымдарға пайдаланушылардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Сектордың қосымша қызмет түрлері:
- Бұрынғы жылдар басылымдарына алдын-ала тапсырыс беру (ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен мамандар үшін).
- Қаланың басқа кітапханаларындағы мерзімді басылымдар туралы ақпарат алу.
Сектор мынадай іс-шаралар өткізеді:
Шығармашылық кездесулер
Мерзімді басылымдар презентациясы
Ақпарат күндері, ақпарат сағаттары
Сектор басшысы - Исина Айжан Капатаевна
Бөлiм тарихы
Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009
Мерзімді басылымдар кітапхана қорының маңызды, құрамдас бөлігі болып саналады. Кітапхана мүмкіндігінше өткен жылдардағы газет-журналдар тігіндісін сақтайды. Қорға ерекше жауапкершілікпен қараудың нәтижесінде 30-40 жылдардағы мерзімді басылымдар сақталған. Кітапхананың Жарғысы негізінде мерзімді басылымдар қорына жауапты өлкетану бөлімі. 1969 жылға дейін мерзімді басылымдар жалпы негізде оқу залынан беріліп тұрды, кейіннен профиліне сай арнаулы бөлімдерге берілді. Оқу залында гуманитарлық ғылым туралы мерзімді басылымдар жинақталды. Оқу залының штатында екі кітапханашы газет-журналдарды насихаттаумен және оқырмандарға босатумен шұғылданды. Олар қаладағы ірі кітапханалардан алынатын қоғамдық-саяси ғылым туралы газет-журналдардың құрама-каталогын жасады. Сонымен қатар газет-журналдарға жазылу, тіркеу және есебін жүргізу оларға міндеттелді.
1999 жылдан бастап мерзімді басылымдар секторы өз алдына кітапхананың құрамдас бөлімшесі болды. Сектор меңгерушісі болып бұрын қорды толықтыру бөлімінде аға кітапханашы болған Ж.М.Сүлейменова тағайындалды. Секторда тәжірибелі кітапханашылар А.В.Шовба, Н.З.Бейсенбекова істейді.
Алғашқы жұмыс күнінен бастап сектордың мақсаты мен міндеті анықталды. Сектордың негізгі мақсаты – мерзімді басылымдардың ағымдағы және бұрынғы қорларына, білімнің барлық саласы бойынша қол жеткізу.
Сектордың негізгі міндеттері:
- Мерзімді басылымдар қорын құру;
- Көрме ұйымдастыру арқылы, ақпараттар күндері, шолу және әңгіме өткізу арқылы қорды барынша көрсету;
- Пайдаланушыларға мерзімді басылымдарды ұсыну;
- Мерзімді басылымдардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Анықтамалық-іздеу аппаратын құру;
- Барлық құрылымдық бөлімдерде мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастыру.
Мерзімді басылымдар қорының сапасы Ж.М.Сүлейменованың жазылу жұмысында уақытында, дұрыс ұйымдастыруына байланысты.Жыл сайын кітапхана қорына 500 атаулы мерзімді басылымдар қазақ және орыс тілдерінде түседі. Секторда соңғы 6 жылдағы газеттер, 4 жылдағы журналдар сақталады. Бұрынғы жылдардағы басылымдардың басым бөлігі құжаттарды сақтау бөлімінде сақталады.
Мерзімді басылымдар секторы соңғы жылдары «Мерзімді басылым» электронды деректер базасын құру туралы үлкен жұмыс жасады, онда кітапханадағы мерзімді басылымдар туралы мәліметтер бар.
Қазіргі кезеңде ИРБИС-ті енгізуге байланысты басылымдарды автоматты беруге әзірлеу туралы жұмыс жүргізілді: 2805 дана жаңа түсілімдер тіркеліп штрихкодтан өтті., және 2004-2008 ж.ж. (барлығы 1094) газет тігінділері өңделді, журналдардың жекелеген нөмірлері тіркелді, барлығы 3148. Мерзімді басылымдарды тіркеу және штрихкодтау тұрақты жүргізіледі.
Ж.М.Сүлейменова автоматтандыру бөлімімен бірлесіп басылымдарды «Каталогтау» АЖО (АРМ) «Мерзімді басылымдар» ДБ газет-журналдар тігінділерін және жекелеген нөмірлерін тіркеу туралы технологиялық нұсқауларын жасады. Сонымен қатар сектор кітапхана сайтының «Ақпараттық ресурстар» бөлімін жасауға және «Қарағанды қаласы кітапханаларынан алынған мерзімді басылымдар құрама каталогын» құруға қатысады.
Сектор басқа бөлімдермен серіктестік деңгейде ақпараттық-үгіт жұмыстарын жүргізеді:
- әдеби-музыкалық кештер;
- мерзімді басылымдар презентациясы;
- ақпараттар күндері, ақпараттық сағат.
Барлық іс-шаралардың негізгі тақырыбы «Қазақстан – 2030» стратегиясын, Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жылсайынғы халыққа Жолдауын насихаттау. Тәттімбет атындағы өнер колледжімен бірлесіп оқырмандар мен студенттер үшін ақпарат сағаттарын, ақпарат күндерін ұйымдастырады.