Аманжолова Дина Базарбайқызы, кітапхана басшысы

1976 жылы 7 маусымда Қарағанды облысы, Осакаров ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағандының мәдени-ағарту училищесін "Кітапхана ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақстанның қаржы-экономикалық университетінің "Психология" мамандығын, 2015 жылы - Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының магистратурасы тәмамдады.Кітапханалық-ақпараттық қызмет магистрі.

1994 жылы еңбек жолын Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапханашы қызметінен бастап, аға кітапханашы, абонемент бөлімінің басшысы, 2010 жылдан бастап – кітапхана басшысы қызметін атқарады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Қазақстандағы Америка бұрыштары" бағдарламасы аясында АҚШ-тың ірі кітапханаларына барып, ALA (11-30 маусым 2012) конференциясының қатысушы болды, 20-шы Халықаралық "Крым-2013" конференциясының,  Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгрестің, ИФЛА-2017 қатысушы болды.

марапаттары:

Кітапхананың 80-жылдығына:

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі, 2014
  • ҚР ҰК  "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгісі, 2014

Кітапхананың дамуына қосқан үлесі үшін:

  • ҚР ҰАК "Кітапхана ісінің шебері" төсбелгісі, 2014

Облыстың кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі үшін:

  • Қарағанды облысы Әкімінің Құрмет грамотасы, 2016
  • Мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы, 2016
  • "Нұр Отан" партиясының Қарағанды қ.филиалының  алғыс хаты 2016
  • ҚР ҰК "Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін" медалі, 2016

ЭКСПО-2017көрмесіндегі Қарағанды облысының күндеріне қатысқаны үшін:

  • Қарағанды облысы Әкімінің Алғыс хаты, 2017
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  алғыс хаты

 

Телефон: 8(7212) 567655
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Умбединова Гаухар Нұрланқызы

1976 жылы туған. Білімі – кәсіби жоғары.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Жалпы еңбек өтілі - 24 жыл.

Еңбек жолын Қарағанды мәдениет училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген соң 1995 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан бастады.

2004 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.

1995-2011 жж. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиеттер бөлімінде, өлкетану бөлімінінде кітапханашы, жаңа технологиялар бөлімінің меңгерушісі, құжаттарды цифрлау лабораториясының оцифровка бойынша аға кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2011 жылы Қарағанды «Болашақ» университеті кітапханасының меңгерушісі, 2012-2018 жж. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы кітапхана басшысы қызметін атқарды.

2019 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы, ал 2020 жылы кітапхана басшысының орынбасары қызметыне тағайындалды.

Г.Н. Умбединова «Қарағанды облысының мәдениетінің дамуына үлес қосқаны үшін» облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Телефон: 8(7212) 567655
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.