"Облыстық кітапхана – өлкетану орталығы" Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының 2013-2015 жылдарға өлкетану жұмысының бағдарламасы
Әр адамның өзі өскен өлкесінің өткен тарихы мен бүгінгі жеткеніне ой жіберіп, жеңістеріміз бен жемістеріміз, кемел келешегіміз туралы толғанатыны табиғи құбылыс.Қазыналы Қарағандыөңірінің бай тарихымен, онда тұрған және еңбек еткен белгілі адамдардың өмірімен, олардың өңір үшін қалдырған бай мұраларымен, аймағымыздың тарихи оқиғаларымен таныстыру мақсатында, өлкетану туралы ақпараттың ролін ескеріп, оны жинау және тарату, ақпараттық ресурс жасау жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бөлім мамандары "Облыстық кітапхана – өлкетану орталығы" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келеді.
Бағдарлама - пайдаланушыларға қызықты өлкетанулық ақпараттар өнімдерін ұсынады. Өлкетану бойынша аудиовизуальды материалдар және электронды деректер қорларымен толықтыру, кітапхана жұмысында өлкетану тақырыбындағы көпшілік мәдени шараларды өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, жаңашылдық енгізуді үйрену, өлкетану ақпаратын жинақтау, оқырмандарға таныстыру, жастарымыздың бойында туған өлкеміздің тарихына қызығушылық туғызып, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, кіші отанымызға деген сүйіспеншілік туғызу мақсатында "Облыстық кітапхана – өлкетану орталығы" (2013-2015жж) бағдарламасының бесіншітаралымыдайындалды.
Аталмыш бағдарламаны дайындау өлкетану жұмысын дамыту міндеттілігімен, өлкетанулық ақпараттандырумен, өлкетану іс-қызметін басқаруда бірыңғай әдістемелерді жүзеге асырумен шарттандырылған.
Бұл бағдарламада өлкетану қызметін дамытудың мақсаттармен тапсырмалары анықталған, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың негізгі басымдықтары белгіленген.
Аталған мақсаттарды, тапсырмаларды және басымдықтарды жүзеге асыру бойынша атқарылатын нақты шаралар жыл сайынғы мәдени шаралар түрінде дайындалады.
Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңы (15 желтоқсан 2006 ж. шыққан, 24.12.2008 ж. өзгертулермен), "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауы, "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам" ҚР Президентінің 2012 жылғы 10 шілдедегі бағдарламасы, "Қазақстан-2050" стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауы, ҚР-ның 2010-2012 жылдарға арналған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы, 2011-2013 жылдарға арналған Қарағанды облысының кітапханаларын жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру негізінде дайындалды.
Бағдарлама азаматтардың әлеуметтік маңызы бар ақпараттарға еркін қол жеткізулеріне арналған. Бағдарламаға сәйкес оны жүзеге асырудың 2013-2015 жылдардың іс – шаралар жоспары жасалды.