Құрметті оқырмандар !

 Викторина - көрме «Әдебиет майталманы»

Құрметті оқырмандар! Жазушы Әлжаппар Әбішевтің туғанына 115 жыл толуына орай кітапханамызда «Әдебиет майталманы» атты викторина-көрме ашылды.

Викториналық көрменің мақсаты: жазушы өмірінен жан-жақты мағлұмат беру.

Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург Ә.Әбішев 1907 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының бұрынғы Жамбыл атындағы шаруашылықтың Аспантау деген жерінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Мектеп есігін кешірек ашқан Ә.Әбішев 19 жасында ғана бірінші басқыш ауыл мектебін бітіріп, жиырма жасында яғни, 1927 жылы үш айлық мұғалімдер курсында оқиды.

Одан кейінгі жазушы жолы өз бетімен оқып білім көтеру, үздіксіз қажымай-талмай еңбектену, іздену арқылы бойындағы әдеби дарынын ұштау, жетілдірумен жалғасты. Бұл шын мәнінде ерлік еді.

1927 жылдан бастап Ә.Әбішев сауатсыздық жою курсының мұғалімі болып істейді. Жазушылық қызметін Қарағанды кен орындарында шахтер болып істеп жүрген кезінде бастайды. Шахтадан кейін «Қарағанды пролетариаты» газетінде әдеби қызметкер болып істейді де белсенді тілшісі атанады. Ә.Әбішевтің «Үйінді» атты бірінші әңгімесі мен очерктер жинағы 1936 жылы басылып шықты. Бұл шығарма Қарағанды шахтерлерінің қажырлы еңбектеріне арналған.

1935 жылдан бастап Ә.Әбішев «Лениншіл жас» қазіргі «Жас алаш» газетінің бөлім меңгерушісі, «Әдебиет және искусство» қазіргі «Жұлдыз» журналында жауапты хатшысы, редактордың орынбасары болды. Сол кезде жазушы «Отан үшін» (1937 ж.), «Отан атынан» (1938 ж.), «Жолдастар» (1940 ж.) атты бірнеше пьесалар жазып драматург ретінде көзге түсті. Оның 1938 жылы жазған «Армансыздар» атты пьесасы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналған.

Толығырақ...

Жазушы Әлжаппар Әбішевтің туғанына 115 жыл

 Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарды ұсынамыз.