Бір нәзік сәуле: Қасым Аманжоловты сөзіне жазылған әндер жинағы. Құраст. Қ.Айтбаев, А.Мырхахмет. – «QASYM» сериясы, ІV кітап. – Қарағанды: «Мағжан» баспасы, 2021. – 200 б.

«Qasym» сериясы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өткізетін республикалық дәстүрлі «Қасым оқулары» байқауының аясында жарық көреді. Төртінші кітап Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған әндерге арналған. Ән жинақта ақын сөзіне жазылған кей әндер тұңғыш рет жарияланып отыр.

Жинақ қасымтанушы ғалымдарға, кәсіби музыканттарға және көпшілік оқырманға арналған.

Қасым: [жинақ]: [ғылыми-танымдық мақалалар]. 3 кіт. / Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. А. Мырзахмет; алғы сөз авт. Ғ. Жайлыбай. - Қарағанды: Мағжан, 2020. - 246 б.: портр. - (Qasym) (Рухани жаңғыру).

«Qasym» сериясы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өткізетін республикалық дәстүрлі «Қасым оқулары» байқауының аясында жарық көреді. Үшінші кітапқа Қарағанды өңірінің қаламгерлері мен ғалымдарының Қасым Аманжолов жайлы ғылыми-танымдық мақалалары топтастырылған.

Кітап қасымтанушы ғалымдарға, көпшілік оқырманға арналған.

Қасым: естеліктер мен ғылыми-сыни мақалалар. 2 кіт. / Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; ред. А. Мырзахмет; алғы сөз авт. А. Мырзахмет. - Қарағанды: Мағжан, 2019. - 328 б.: портр. - (Qasym) (Рухани жаңғыру)

Бұл жинақта қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжолов жайлы танымал қаламгерлердің естеліктері, зерттеушілердің ғылыми мақалалары, әр жылдары жарық көрген құнды дүниелер топтастырылған. Қосымша ретінде ақын шығармашылығы туралы 1960 жылдан бері баспа беттеріне шыққан материалдардың көрсеткіші ұсынылды.

«Qasym» сериясы – Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өткізетін дәстүрлі «Қасым оқулары» байқауының нәтижесі.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Қасым: арнаулар. 1 кіт. / Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; ред. А. Мырзахмет; алғы сөз авт. С. Сағынтай. - Қарағанды: Мағжан, 2018. - 145 б. : портр. - (Qasym) (Рухани жаңғыру).

Бұл жинаққа қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының дауылпаз ақын Қасым Аманжоловқа арналған жырлары топтастырылған. Дауылпаз ақын өзінен кейінгі тегеурінді толқынның шығуына өлшеусіз үлес қосқандығы белгілі. Бұл үрдіс уақыт өткен сайын өз жалғасын табуда. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жыл сайын өткізетін дәстүрлі «Қасым оқулары» нәтижесі ретінде аталмыш жинақты жарыққа шығаруды бастап отыр.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.