"Күш атасы - Қажымұқан" Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. : Ұ.Ө. Жамауова. – Қарағанды, 2021
Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздардай жайсаң ерлері бар. Олар – ел мақтанышына айналған көрнекті қайраткерлер, ғұлама ғалымдар, заңғар ақын-жазушылар, туған жерін жаудан қорғаған батырлар, өнер мен спорт саңлақтары... Сондай мақтан етіп, қадірлейтін, қазақ халқының қастерлі перзенттерінің бірі, алып күшімен әлемді дүбірлетіп өткен күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлы.
Қазақтың ұлттық өнерінің төресі, бойтұмары саналатын спорттың түрі ол - балуандық. Ал, осы күрес өнері арқылы қазақты алғаш әлемге танытқан, дүниежүзінің 30-ға жуық елін аралап, 50-ден астам медаль жеңіп алған балуан – Қажымұқан Мұңайтпасұлының биыл 150 жылдық мерейтойы.
Ендеше, құрметті оқырмандар ұлттық тарихымызда ғана емес, әлемдік спорт тарихында да сирек ұшырасатын, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып келе жатқан тумысы бөлек тарихи тұлғаның өмір жолы мен сан қырлы спорттағы жетістіктері жайлы танымды деректер жинақталған "Күш атасы – Қажымұқан" атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.
Жадынама көпшілік оқырманға арналған.