28 ақпан күні «Террикон алқабы» IT-хаб базасында «Кітапханалық-ақпараттық салаға ЖИ-технологияларды енгізу» атты өткізілген халықаралық семинар облыс кітапханаларының мамандары үшін маңызды оқиғалардың бірі болды.

 Іс-шараға жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандар  қатысып, кітапхана саласында жасанды интеллектті интеграциялаудың озық идеялары мен практикалық шешімдерін ұсынды.

Семинарды KIBERone халықаралық цифрлық технологиялар мектебінің тәлімгері әрі аккаунт-менеджері Сергей Чиняев ашты. Ол өз баяндамасында қатысушыларға заманауи нейрожелілік технологияларға шолу ұсынып, әдебиет, кескіндеме, музыка, кинематография және анимация контекстінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, классикалық және генеративтік жасанды интеллект арасындағы айырмашылыққа талдау жасады.

2024 жылдың 22 қазан күні С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының кіші залында Қазақстан кітапханашылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға кітапхана ісінің ардагерлері, облыстық кітапханалар мен Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары мен кітапханашылары қатысты.

Театр фойесінде «Біздің таңдауымыз - белсенді демалыс» атты ерекше фото-көрме безендірілді.

Құрметті оқырман қауым  қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орны бар дүлдүл ақын, ХІХ ғасырда ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтаңгері Кемпірбай Бөгенбайұлының өмірі мен шығармашылығы арналған «Көңілден көкала үйрек хош деп ұшты...» жаңа кітаптың таныстырылымы өтеді.

Іс-шараға осы кітаптың құрастырушысы журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Балташұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі,  ардагер журналист Рымбек Смағұлов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, тау-кен саласының ардагері Жәпен Белгібаев жәнеК. Бөгенбайұлының ұрпақтары т. б. қатысады деп күтілуде.

Модератор Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің  тарих факультеті, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессор ассисенті, PhD докторы Смағұлов Нұртас Бірлікұлы.

Сіздерді 2024 жылдың 17 қазан күні сағат 11.00.-де кітапханада күтеміз.

Кітапханада «Көңілден көкала үйрек хош деп ұшты...» жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.

Кітап қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орны бар дүлдүл ақын, ХІХ ғасырда ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтаңгері Кемпірбай Бөгенбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған.

Жиынды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің  тарих факультеті, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессор ассисенті, PhD докторы Нұртас Смағұлов  жүргізді.

Кітапты құрастыруда Кемпірбай Бөгенбайұлының шығармашылығы жайында мәліметтердің жинақтау мақсатымен кітапты құрастырушы журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Балташұлы оқырман қауымға әңгімелеп берді.