Құрметті оқырмандар! Биыл көрнекті геолог - ғалым, тау-кен инженері, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың 115 жылдығына арналған “Алаштың Әл - Машаниы” атты шағын әдеби бейне шолуын ұсынамыз.

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға саяси сатиралық "Ара" журналының жарнамасын ұсынамыз.

Құрметті оқырмандар!

Биыл қазақтану ғылымының қара нары, бүкіл саналы ғұмырын шығармашылық пен әдебиетке, ғылым мен мәдениетке арнаған толағай тұлға Ақселеу Сейдімбектің туғанына  80 жыл толады.
Осы мерейтойы аясында кітапханамызда Ақселеу Сланұлының өмірі мен шығармашылығын жан - жақты таныту, оның қайталанбас туындыларын кеңінен дәріптеу мақсатында «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» атты өлкетанулық әдеби – марафоны ұйымдастырылады.
Он айға түрлі тақырыпта, түрлі формада ұйымдастырылатын шараның жоспарымен таныс болыңыздар.

Толығырақ...

Аса қадірлі оқырман қауым! Әнсіз - өмірдің мәнін елестету қиын ғой. Осы орайда кітапхана қорындағы Хайдолла Тілемісовтің құрастыруымен жарыққа шыққан "Ауыл кеші көңілді" кітабын назарларыңызға ұсынамыз.

2021 жылдың 10 желтоқсанында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен біздің кітапханада «Ақпараттық кеңістіктегі кітапханалардың даму үрдісі» атты VІ облыстық кеңейтілген семинар өтті.

Семинардың мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы облыс кітапханаларының жағдайын талдау, пандемиядан кейінгі кезеңдегі кітапханалардың даму стратегиясын анықтау, кітапхана кадрларын кәсіби қолдау және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Облыстық семинарға облыстық кітапханалардың, қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшылары, «OrdaGen» жобасының атқарушы директоры Байдібек Нұрланұлы қатысты.

Толығырақ...