Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды әмбебап ғылыми кітапханасы 2023 жылдың 25-26 қыркүйегінде «Шекарасыз – кітапхана» атты дәстүрлі Ашық есік күнін өткізді.

Акцияның мақсаты – оқуға деген қоғамдық қызығушылықты арттыру, оқырмандарды кітапхана жұмысының шарттарымен, жаңа ақпараттық мүмкіндіктермен және кітапхана қызметімен таныстыру.

Кітапхана ақпарат уақытынан бастап, Қазақстанның көрнекті тұлғаларына арналған маңызды тақырыптық кітап көрмелеріне дейін түрлі бағдарламаны ұсынды.

Жастармен жұмыс тәжірибесі бар біздің қызметкерлеріміз студенттерді топтарға тез және үйлесімді түрде бөліп, оларды дайындалған қызықты ойындар, викториналар, көрмелер, библиофреш, кітап десс-коды бойынша бөлімдерге алып жүрді.

Кітапхананың фойесінде «Ізгі тілектер» бұрышы орнатылды. Келушілер кітапхана жұмысы бойынша құттықтауларын, тілектері мен ескертпелерін белсенді түрде қалдырып отырды. Мысалы: «Кітапханадан өте күшті әсер алдым және келесі күндері оқу бөлмесіне келіп, осында кітап оқимын деп мақсат қойдым», «Бұл кітапхананың атмосферасы ерекше. Жылдан-жылға көркейе беріңіздер! Кітап қоры көбейсін!», «Өте керемет. Рухани дамып, көңіліміз көтеріліп қалды. Барлығына рақмет!».

Экскурсия қатысушыларына арналған қызықты және танымды акция алаңдары ұйымдастырылды: «Гоголевкаға асығыныздар» ақпарат уақыты, «Мәнгілік мұра» кітапкеруені, «Жана кітаптар» библиофреші, «Жасырын кездесу» кітап дресс-коды, тақырыптық кітап көрмелері өтті.

Біздің жаңа оқырмандарымыз буккроссингке қызығушылық танытты. Демек, олар кітап оқығанды ұнатады және көптеген авторларды біледі. Буккроссинг сөрелерінен өзіне ұнаған кітаптарды алғандар да болды.

Негізгі қорларды сақтау бөлімі әзірлеген бірегей «Мәңгілік мұра» кітап керуенісирек кітаптар туралы ақпаратты экскурсия қатысушылары үлкен қызығушылықпен тыңдады. Олар француз жазушысы Ле Саждың «Похождения Жилблаза» 4 томдық кітабы (1768, 1792, 1808 ж.), 19-20 ғ.ғ. орыс және шетел әдебиеті классиктерінің кітаптарымен танысып, «Титаник», «Египтология», «Драконоведение», «Загадки мумий» атты кітаптарымен және фолиант-кітаптарымен (үлкен кітаптар) үлкен қызығушылықпен танысты. Сонымен бірге миниатюралық және факсимильді ретро басылымдардың галереясын тамашалады.

Өлкетану бөлімінің қызметкерлері дайындаған «Ойлан да, ойна», «Қаламыз туралы не білеміз?» викторинасына қатысқан балалар өз білімдерін көрсетіп, біздің өлкеміздің тарихы туралы көптеген қызықты ақпараты жайлы біліп, облысымыздың атақты адамдары туралы ерекше фактілермен танысты. Белсенділігімен және терең білімімен көзге түскен студенттерге кітап сыйға тартылды

Американдық бұрышпен бірлесіп Халықаралық кітаптар бөлімі «Кітап басқатырғышы» аттыBOOK GAME қызықты ойынын әзірледі. Бұл ойында Қатысушылар кітап атаулары жасырылған ребустарды шешті. Күні бойы бөлімге келген бірінші курс студенттері мен жоғары сынып оқушылары қызықты және танымды ойынға қатысып, американдық бұрыштың қызметімен танысып, қызығушылықтарын танытты.

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері «Өнердегі тұлғалар» арт викторинасын өткізіп, «Шеберлер клубының» жұмыстарымен таныстырды. Клуб мүшелерінің шығармашылық жұмыстарының әдемі, арт көрмесі қонақтарды таң қалдырды. Балаларға өнер туралы кітаптар мен альбомдар, сонымен қоса винил дискілер жинағы да ұнап, 80-ші жылдарды еске түсіретін В. Цойдың және «Дос Мұқасан» ансамблінің орындауындағы әндерін бір деммен тыңдады.

Оқу залдары бөлімі «Жасырын кездесу» кітап дресс-кодын дайындады. Студенттер бір-бірінің сөзін бөліп, автор мен кітаптың атын табуға тырысты. Әрине, кейбір тапсырмалар оңай болған жоқ. Бірақ бөлім қызметкерлері оларға көмектесіп, әр студентке ойынға қатысуға мүмкіндік берді.

Абонемент бөлімі қызметкерлеріұйымдастырған «Жаңа кітаптар» библиофрешінде жаңа кітаптар жайлы әңгімелеп, «Ляссе любимых книг» атты шеберлік сағатын өткізді.

Ал, «Күзгі көңіл-күй» фото алаңында барлық тілек білдірушілер сүйікті кітабымен қуана суретке түсті. Келушілердің ішінде айрықша көзге түскен оқырмандарға сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ, біздің тұрақты оқырмандарымызға 18 – 26 қыркүйек күндері аралығында «Ұмытшақ» оқырман» акциясыжарияланды. Осы уақыт аралығында барлық оқырмандар кітаптарын айыппұлсыз тапсыру мүмкіндігіне ие болды.

Осы ашық күндері көптеген қызықты шаралар өтті. Бұл экскурсияда оқырмандар тек кітапханаға ғана емес, қаламыздың тарихына, адамдарына көптеген қызықты, танымды, әдемі әлеміне саяхат жасады.

Осындай игі шараға 300-ден аса жастардың қатысуына ат салысқан қаланың барлық оқу орындарының әкімшілігіне, студенттерге алғысымызды білдіреміз! Олардың барлығы кітапхананың жаңа оқырмандары атанды.