Ресей кең-байтақ, бірақ шегінер жер жоқ,
артымызда – Мәскеу
ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков
Биылғы жылдың 16-қарашасында 28 гвардияшы–панфиловшылардың Мәскеу түбіндегі ерлігіне 75 жыл толып отыр.
Адамзат баласы өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңында басталып, қырқыншы жылдардың ортасына дейін созылған (1939-1945ж.), 50 миллионнан астам бейкүнә жандардың өмірін жалмаған екінші дүниежүзілік соғыстың қайғы – қасіретін әлі ұмыта қойған жоқ.
Жұмыр жерді билеп-төстемекші болған фашистік Германияның мұздай қаруланған армиясы 1941 жылдың 22 маусымында бейқам жатқан Кеңестер Одағына тұтқиылдан соғыс жариялап, Батыс шекарадан лап қойды. Араға төрт ай салып, жолындағының бәрін жапырып, жайпап Одақ астанасы – Мәскеудің іргесіне таяп қалды.
Соғыс басталысымен Алматы қаласының түбінде жасақталған атақты генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы қан майданға Мәскеу қаласын жаудан қорғауға аттанды. Аңызға айналған бұл ұрыс төрт сағатқа созылады. Жау он сегіз танкісінен, жүздеген автоматшыларынан айырылып, бірақ қорғаныс шебін бұзып өтуге мүмкіндігі болмады. Неміс армиясының күлі көкке ұшты. Өздерін жанпида етсе де, дұшпанды ілгері бастырмаған, әр сүйем жер үшін кескілесе ұрыс салған 28 гвардияшы-панфиловшылардың қаһарман ерлігі кеңес жауынгерлерінің рухын шұғыл көтерген, намысын жаныған еді...
Мәскеу үшін болған қиян-кескі аласапыран шайқаста Василий Георгиевич Клочков бастаған Мұсабек Сеңгірбаев, Гавриил Митин, Нұрсұлтан Есеболатов, Әліпбай Қосаев, Асқар Қожабергенов, Григорий Безродный, Николай Болатов, Яков Бондаренко, Петр Дутов, Петр Емцов, Николай Ананьев, Дмитрий Колейников, Григорий Конкин, Абрам Крачков, Николай Максимов, Иван Маскаленко, Николай Митченко, Иван Натаров, Григорий Петренко, Душанқұл Шапоков, Николай Трофимов, Иван Шепотков ерлікпен қаза тапқан қазақстандық қаһармандар. Отан үшін жан қиған сол жиырма сегіз панфиловшыға 1942 жылғы 12 шілдеде Батыр атағы берілді.
Отан үшін тажалға тайсалмай тап берген тарландардың ерліктері ұмытылған жоқ. Олардың есімдері құрметпен аталып жүр. Ерлікке, ерлерге қашан да мың тағзым!
Ұлы Жеңіске 40 жыл мерекесіне орай панфиловшылар жайлы "Жиырма сегіз батырдың қайта оралуы" атты 40 сериялы телефильм жарық көрді. Бұл телефильмнің түсірілу тарихы туралы "Заң газетінің" 2007 жылғы 9 мамыр санынан Айнабеков Бақтыбайдың "Жиырма сегіз батырдың қайта оралуы" атты мақаладан оқи аласыздар. 2016 жылдың қарашасында Ресей және Қазақстан экрандарынан "28 панфиловцы" жаңа фильмі жарық көрмек. Кітаптар да басылып шығып, мерзімді басылымдар беттерінде мақалалар жазылды. Кітапханамызда 28 гвардияшы-панфиловшылар туралы тың деректермен төмендегі тізімнен таныса аласыздар.
- Айнабеков Б. Жиырма сегіз батырдың қайта оралуы (осы аттас телефильмнің түсірілуі тарихы туралы естелік) [Мәтін] / Б. Айнабеков // Заң газеті. - 2007. - 9 мамыр (№69). - 2 б.
- Әбілұлы М. Панфиловшы Бердалы Басқаров [Мәтін] / М. Әбілұлы // Ұлағат. - Алматы, 2012. - № 6. - 50-54 б.
- Бейсенұлы Е. Елге еңбегі сіңген ардагер [Мәтін] : [Соғыс және еңбек ардагері М.Қожабергенов туралы] / Бейсенұлы Е. // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2002. - 27 наурыз
- Домбай Н. Ерлік ескірмейді [Мәтін] / Н. Домбай // Егемен Қазақстан. - Астана, 2014. - 5 желтоқсан (№ 239). - 5 б.
- Жұмахан Н. "Волоколамск тас жолы" шығармасы қалай жазылып еді? [Мәтін] / Н. Жұмахан // Егемен Қазақстан. - Астана, 2015. - 21 мамыр (№ 93). - 8 б.
- Куманев Г. Өмір үшін өлімге бас тіккендер [Мәтін] / Г. Куманев // Егемен Қазақстан. - Астана, 2015. - 27 қазан (№ 205). - 5 б.
- Қараман Қ. Жиырма сегіз батырдың бірі [Мәтін] / Қ. Қараман // Егемен Қазақстан. - Астана, 2014. - 10 сәуір (№ 69). - 4 б.
- Құсайын Т. Біз - миллиондаған панфиловшылармыз! [Мәтін] / Т. Құсайын, Ж. Тоқтарова // Егемен Қазақстан. - Астана, 2015. - 27 қазан (№ 205). - 1, 5 б.
- Лұқпан Е. Өмір өткелдері [Мәтін] : [соғыс ардагері М.Б.Қожабергенов туралы] / Лұқпан, Е. // Азия Транзит. - 2004 . - № 10. - 10-13 б.
- Лұқпан Е. Панфиловшылардың соңғы тұяғы [Мәтін] : Майдангер Мүтәш Қожабергеновтың балалық шағынан / Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2003. - 30 қыркүйек. - 4, 5 б.
- Майбас Т. Панфиловшы [Мәтін] / Т. Майбас // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2015. - 11 сәуір (№ 58/59). - 4 б.
- Мұқанбетқалиев Қ. Мәліктей ердің есімі ұмытылмайды [Мәтін] / Қ. Мұқанбетқалиев // Президент және халық. - Астана, 2015. - 7 мамыр (№ 19/20). - 5 б.
- Ниязбеков Р. Бауыржан - алты алаштың ар-намысы [Мәтін] / Р. Ниязбеков // Жұлдыз. - Алматы, 2015. - № 4. - 3-12 б.
- Оразбаев Қ. Момышұлының біз ескермеген қырлары [Мәтін] / Қ. Оразбаев // Қазақ әдебиеті. - Алматы, 2015. - 14-16 сәуір (№ 14). - 1, 4 б.
- Пірназар С. Соғысқа "Социалистік Қазақстаннан" аттанған [Мәтін] / С. Пірназар // Егемен Қазақстан. - Астана, 2015. - 21 наурыз (№ 54). - 7 б.
- Ұлықбек Б. Мәскеуді кімдер қорғап қалды? [Мәтін] / Б. Ұлықбек // Қазақстан ZАМАN. - Алматы, 2015. - 22 қазан (№ 42). - 5 б.
- Ысқабай Ә. Семсердей Сеңгірбаев [Мәтін] / Ә. Ысқабай // Егемен Қазақстан. - Астана, 2015. - 6 қаңтар (№ 2). - 3 б.