Құрметті оқырман қауым!
Биылғы жылы ұлы ұстаз, ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толып отыр. Ыбырай Алтынсарин – нағыз халықшыл педагог, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы.
Осыған орай кітапханамыз "Ыбырай Алтынсарин – педагогика ғылымының негізін қалаушы" атты конференция ұйымдастырып отыр.
Конференцияның мақсаты: Ы.Алтынсарин мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыру. Конференцияға ыбырайтанушы сарапшылар мен ғалымдар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қаламыздың жоғарғы оқу орындарының мамандары мен студенттері, тарих және филология саласындағы ғалымдар, әдебиет саласындағы қайраткерлер және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мамандары мен орта оқу орындарының ұстаздары, студенттері қатысады.
Біз Сіздерді 27 қыркүйек күні сағат 15.00-де оқу залында (3 қабат) күтеміз.
Келіңіздер! Қатысыңыздар!