Құрметті кітапхана оқырмандары мен төл әдебиетіміздің жанашырлары!
Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің туылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылатын «Уақыт және қаламгер» атты әдеби кешке асығыңыздар!
Кешке Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері, ақын Абзал Бөкен, «Ғұмырымның көктемі» жыр жинағының авторы, Республикалық Н.Мәукенұлы, Бұқар жырау, Т.Айбергенов атындағы жыр мүшайраларының иегері, ақын Ілияс Мұқаев, сонымен қатар «Ханшайым» әңгімелер жинағының авторы ақын, жазушы Алмаз Мырзахметов, ҚарМУ-дің магистрі, талантты жас қаламгер Әділ Жакулаев, жас алаштанушы Дулат Аманжолов қатысады.
Кеш барысында ұлттық әдебиетіміздің жетістіктері мен кемшіліктері сөз етіліп, әдебиетке жаны құмар жастар өздерін толғандырып жүрген көкейлеріндегі сұрақтарына жауап табатын болады.
Сондай-ақ, кеште «Жыр-Жауһар» поэзия клубының жас ақындары тарапынан нәзік иірім мен асқақ рух тудырған поэзия жауһарлары оқылып, әннен шашу шашылады.
Келіңіздер, әдеби-сазды кешіміздің куәсі болыңыздар!
Сіздерді 2014 жылдың 19 қазаны күні сағат 15.00-де
конференция залында күтеміз!
Байланыс тел: 8(7212)565-304, 8-702-763-88-24