Бұл күні ашық аспан аясында жиналған қауым керемет көңіл-күйге бөленді. Мәңгілік алау маңында безендірілген Жазғы оқу залы көпшіліктің назарын аудартпай қоймады. Түрлі-түсті шарлар, өлкетанулық және әдеби викториналарға арналған стендтер, үстел ойындары, оригами байқауы мерекенің ажарын аша түсті. Осындай керемет күннің тууына себепші әрине де КІТАП! Барлық жанрдағы, әртүрлі талғамдағы, әр жылғы басылымдағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар өз оқырмандарын тапты.

Жазғы "Оқу қаласы" жобасының мақсаты – кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын ынталандыру, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту, балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын ұйымдастыру. Оқу қаласынан кез-келген оқырман өзіне ұнаған кітапты мерзімсіз уақытқа тегін ала отырып, әртүрлі тақырыптағы викториналық сұрақтарға жауап беріп білімдерін шыңдай түседі.

Жасөспірімдердің бос уақытын қалай тиімді өткізу керек?,

Жазғы оқу демалысын қалай қызықты етіп ұйымдастыруға болады?

деген әрбір ата-ананың көкейінде жүрген сұрағын Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК ұйымдастыруымен өткізілген аталмыш шара шешіп бергендей.

Кітапхана   қаламыздың әлеуметтік-мәдени іс-шаралары: "Кітапхана – барлығы үшін ашық", "Гоголевкадағы кітапхана түні" атты көлемді Акцияларға, флеш-мобтарға, кітап фестивальдеріне және тағы басқа шараларға белсенді қатысады. Жастар қауымы үшін ұйымдастырылған шаралардың көпшілігі "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанатының қолдауымен өткізіледі. Жазғы Оқу қаласы шарасының ашылуына "Жас Отан" жастар қанатының орындаушы хатшысының орынбасары Дүйсембекова Перизат қатысты. Арнайы келген қонағымыз кітап оқуды қолдауға бағыттай отырып, жастарды көп оқуға, білімді болуға шақырды.

Кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова №77 мектеп пен "Таңшолпан" балалар үйінің оқушылары арасында ұйымдастырылған "Менің қалам", "Кітаппен бірге жазғы демалыс" байқауының қорытындысын шығарды. Ең белсенді деп танылған қатысушыға бас жүлде - "Книги для Вас" кітап дүкенінің 2000 теңге сомасындағы купон табысталды.

Мерекелік шараның ашылуына жергілікті телеарналар:

  • "Қазақстан-Қарағанды",
  • 5 Канал

және

  • "Орталық Қазақстан",
  • "Наша Ярмарка",
  • "Взгляд на события" газетінің тілшілері қатысты.