Қарағандылық Кеңес Одағының батырлары: библиографиялық көрсеткіш / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. А.К. Карашова. – Қарағанды, 2025. – 77 б.
2025 жылдың 9 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы аталып өтеді – бұл халықтардың ерлігі, батырлығы және бірлігін мәңгі есте қалдыратын тарихи дата.
Қазақстан Жеңіске баға жетпес үлес қосты: 1,2 миллионнан астам қазақстандық майданға аттанып, олардың 600 мыңнан астамы оралмады. Қазақ халқы Сталинград шайқасы, Берлинді алу сияқты ірі шайқастарда көзге түсіп, тылда республика қару-жарақ, азық-түлік өндірісі мен эвакуацияланғандардың орналастыруға сенімді тірек болды.
Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Облыстық кітапхана – аймақтық зерде» атты бағдарлама аясында «Қарағандылық Кеңес Одағының Батырлары» жобасын дайындады URL: https://karlib.kz/ru/geroi-karagandintsy.
Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай сіздердің назарларыңызға аталмыш жобада ұсынылған материалдарды толықтырып, библиографиялық көрсеткіш ұсынамыз.
Көрсеткішті құрастыру барысында «Қаhарман қарағандылықтар = Герои – карагандинцы» атты басылымнан материалдар алынды.
(Қаhарман қарағандылықтар = Герои - карагандинцы / ред. Г. Ж. Бабулова. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2000. - 146 б. : портр.).