2020 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2019. – 83 б.

Ұсынылып отырған «Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы» атты библиографиялық әдебиеттер көрсеткішінің кезекті шығарылымы 2020 жылға араналған. Басылым «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламаларын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауын мақсат етіп отыр.

Бұл көрсеткішті Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы 1971 жылдан бастап жыл сайын құрастырып шығарып келеді.

Көрсеткіште облысымыздың тарихындағы, экономикасы мен мәдениетіндегі көрнекті даталарға, белгілі қоғам қайраткерлерінің, Қарағанды облысының дамуына үлкен үлесі қосқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, атақты жерлестер мен азаматтарының мерейтойлық даталарына қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі беріледі.

Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтарының нығаюына, Отаны мен туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған.

 

Күнтізбеге қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды, оның ішінде электрондық және дәстүрлі каталогтар, анықтамалық және библиографиялық баспалар қоры, интернет – ресурстары. 

Көрсеткіш материалдары хронология бойынша тізілген және де «Анықтамасыз және әдебиеттер тізімісіз қосымша даталар» тізімі бар. Айы мен күні белгісіз даталарды кітапханаларда жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады.

Қазақ және орыс тілдерінде жасалған көрсеткіш мәдени-ағарту, радио-телевидение, баспа мекемелерінің қызметкерлеріне, студенттер мен оқушыларға, барша өлкетану әдебиеттерін насихаттаушыларына және өз өлкеміздің тарихын білгісі келетін оқырмандарға арналған.

Сонымен бірге кітапханашыларға әдеби кештердің өткізуіне, кітап көрмелерін ұйымдастыруға, библиографиялық анықтамаларды орындауға көмектеседі