Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің құнды мұрасына айналған, еліміздің мәдени өміріндеелеулі орны бар өнер қайраткері туралы оқырман қауымға жеткізудің сәті түсіп тұр. Қазақтың үлкен қазынасы  Сара Латиеваның "Ғибраты мол ғұмыр" атты сериясымен жарық көрген атақты актриса Хадиша Бөкееваның өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған туындысының айтары көп. Қазақ театрының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Хадиша Бөкеева, комедиялық Катерина, трагедиялық Мехменебану  мен Қарлыға, драмалықСәуле сияқты бір-біріне мүлде ұқсамайтын образдарды жеріне жеткізе сомдаған тұлға. 

Толығырақ...

Құрметті оқырман!

"Театр kz" журналы – республикалық Қазақстан театр қайраткерлері одағының театртанымдық әдеби-көркем және қоғамдық саяси журналы болып табылады. Өнер өлкесінің бүкіл болмысын ашуға тікелей септігін тигізіп жүрген редакция кеңесінің төрағасы Т.Жаманқұлов пен бас редактор Б.Бекжановосы журналдың негізгі міндеттерін атқарып келеді.

Толығырақ...

Бейнелеу өнеріндегі таңбалар мен тотемдердің рәміздік мағынасы кеңінен жазылған еңбектер мен зерттеулер жинақталып "Көшпенділер мәдениеті. Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері" атты кітап болып жарыққа шықты. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып, ұлттық киімдері, ою-өрнектері мен қолөнер-зергерлік бұйымдарының сақ (скиф) мәдениетімен байланысы зерттелген.

Толығырақ...

Өнер әлеміндегі әр жаңалықты қалт жібермей қарайтын көпшілік қауымға арналған тың хабар!

Назар аударыңыздар!

Сіздерге "Өнер туралы әдебиеттер бөлімі" қорына келіп түскен жаңа кітапты ұсынамыз. Белгілі карикатурашы, бірнеше халықаралық конкурстардың жүлдегері Ғалым Смағұлұлының еңбектері жинақталған "Карикатура" атты тұңғыш кітабымен таныс болыңыздар.

Толығырақ...

Нәзік жанды қыздар, аяулы арулар, қадірлі аналар, өздеріңізге арналған танымды және қызықтыбасылыммен таныс болыңыздар!

"Ақ босаға" газеті қазақ отбасыларына арналған басылым.

  Бас редакторы Шолпан Ұғыбайқызы.

Газет өте қызықты. Оқуға женіл, танымды. Жігіттер мен қыздарға арналған пайдалы мағлұмат, көпшілік ортада адамның өзін ұстау мәдениеті, сөйлеу этикасы, сәнді киімдерді келістіріп кию, бояну мәнері, шаш пен бет күтіміне арналған кеңестер беріледі. Үйде тез арада өз қолымен тігіп киюі үшін, өте жеңіл қылып түсіндірілген сәнді әрі қарапайым киімдерді пішу жолдары көрсетіледі. Ас үй мәзірі, тамақты тез әзірлеу, жеміс-жидек, көкөніс қосылған және  тәтті-дәмді тағамдардың мәзірін де таба аласыздар.

Толығырақ...