Нәзік жанды қыздар, аяулы арулар, қадірлі аналар, өздеріңізге арналған танымды және қызықтыбасылыммен таныс болыңыздар!
"Ақ босаға" газеті қазақ отбасыларына арналған басылым.
Бас редакторы Шолпан Ұғыбайқызы.
Газет өте қызықты. Оқуға женіл, танымды. Жігіттер мен қыздарға арналған пайдалы мағлұмат, көпшілік ортада адамның өзін ұстау мәдениеті, сөйлеу этикасы, сәнді киімдерді келістіріп кию, бояну мәнері, шаш пен бет күтіміне арналған кеңестер беріледі. Үйде тез арада өз қолымен тігіп киюі үшін, өте жеңіл қылып түсіндірілген сәнді әрі қарапайым киімдерді пішу жолдары көрсетіледі. Ас үй мәзірі, тамақты тез әзірлеу, жеміс-жидек, көкөніс қосылған және тәтті-дәмді тағамдардың мәзірін де таба аласыздар.
Әйел адамына байланысты қоғамда белең алған өткір мәселелер, оны шешу жолдары, денсаулыққа байланысты медициналық кеңестер де "Ақ босаға" газетінде қамтылған. Мысалы, бетке пластикалық ота жасаудың зияны мен пайдасы. Сонымен қоса, өз бастарынан өткен қызықты әңгімелермен бөліскен, тағдыры түрлі тартысқа толы қызықты адамдардың өмірімен де таныс боласыздар. Қысқа әңгімелер жиынтығы мен атақты адаммен сұхбат та шығып отырады.
"Қызға қырық үйден тиым" деген тәрбиемен өсетін қазақ қыздары мен келіндері үшін бұл газет сырлас серігіне, ақылшы досына айнала алады. Көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап табуға болады. Отбасы мәселелерін, қыздардың жеке өміріне байланысты жайттарды жазатын "Ақ босаға" газеті өте пайдалы.
Құрметті нәзік жанды арулар, аяулы қыздар, оқырман қауым - "Ақ босаға" басылымы сіздердің сенімді серіктеріңізге айналып, пайдалы кеңестерімен көңілдеріңізден шығады. Таныс болуға асығыңыздар!
Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi Ciздердi асыға күтеді!
Келіңіздер! Оқыңыздар!