Рок жұлдыз болуды қалайсыз ба әлде гитараны
отбасылық кештерде ғана ойнауды жөн көресіз бе?
Олай болса танысуға асығыңыз, "Гитара үйренудің толық курсы"
сізді қолыңыздан жетелей отырып,
қарапайым әуендерді тез меңгеруге көмектеседі.
Қазіргі заманғы музыкалық аспаптар әр алуандығымен ерекшеленсе де , гитара – музыка әуесқойларының басты назарында. Адамзат қолынан шыққан ең керемет әрі таңғажайып музыкалық аспаптардың бірі де бірегейі гитара – ерекше күшке ие өте қарапайым құрылғы. Оның үні, көңіл күйді жеткізе білуі және диапазоны пианинодағыдай шексіз болғанмен, әлдеқайда қолайлы аспап.
"Гитара үйренудің толық курсы" кітабында тәжірибелі музыкант Том Флеминг жаңадан гитара үйренушілер мүмкіндігіне қарай өз бетімен меңгере алатындай 20 сатылы сабақты ұсынады. Сабақтар сізге гитарадан бастап, ішектерді, күшейткіштер мен аксессуарларды таңдауға кеңіс бере отырып, гитара әлеміне батыл қадам жасауға көмектеседі. Әр сабақ сайын қызығушылығыңыз арта түсіп, гитара ойнап үйрене бастайсыз.
Меңгеруге оңай және дағдыны қалыптастыратын 20 сабақтан тұратын бұл нұсқаулық Сізге:
- өзіңізге дұрыс гитара таңдауға;
- аккордтар құрып, қарапайым әуендерді меңгеруге;
- рок, блюз, фолк классиканың ішінен ұнағанын таңдауға;
- ішектерін күйге келтіруге, ауыстыруға және гитараны күтіп ұстауға;
- кәсіпқойлар сияқты саусақтармен теріп ойнаудан арпеджиоға дейінгі арнайы эффектілерге қол жеткізуге;
- көптеген танымал хиттерді орындай отырып жаттығуға;
- Андрес Сеговиядан Эрик Клэптонға дейінгі аты аңызға айналған музыканттар туралы мәлімет алуға;
- тамаша музыка шығаруға және көңіл көтеруге көмектеседі.
Тамаша үйлестірілген иллюстрациялар және фотосуреттермен безендірілген "Гитара үйренудің толық курсы" оңай меңгеріледі. Сондай-ақ бұл кітаптан кез келген сұрағыңызға жауап таба аласыз.
Бұл кітап сіздің гитара сазының ғажайып әлеміндегі тәжірибелі нұсқаушыңызға айналмақ!
Қысқа мерзімде ойнауды бастаңыз!