Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi

"ЖАНСАРАЙ"

атты жаңа кiтаппен толықты!

Биылтеатр сыншысы, аудармашы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Төребайұлы Сығайдың туғанына 70 жыл.

Қазақ театр өнерінің алып асқары болған Әшірбек Сығай өмірден өткенде мәдениет саласы тірегінен, қорғанынан айырылғандай күй кешті. Саналы ғұмырын театр өнеріне арнаған аяулы жан артында өлмес мұра қалдырды. Оқырман қауым әркез іздеп жүріп оқитын еңбектер құндылығын да, мәнін де жоғалтпақ емес.

Осындай құнды еңбектерінің бірі 2015 жылы Алматы қаласының "Ана тілі" баспасынан жарық көрген "Жансарай" кітабы. "Хабар" арнасында "Жансарай" бағдарламасын жүргізіп, өткір пікір, орамды ойларымен қызықты, танымды сұхбатымен елдің ықыласына бөленген. Бағдарламаға шақырылған жазушы, ақын, спортшы, өнер адамдарымен мәнді де мағыналы әңгіме өрбіткен. Автор сұхбаттасқан Дулат Исабеков, Асанәлі Әшімов, Кәкімбек Салықов, Әкім Тарази, Төлен Әбдікұлы, Қайрат Байбосынов, Тоқтар Әубәкіров сынды тау тұлғалардың ғибратты ойлары "Жансарай" атты кітапқа басылып шықты.

Уақыт қойнауында қалған осынау парасатты, ғибратты әңгіме-сұхбатты "Жансарай" кітабынан оқи аласыздар. Қазақ халқының ұлы перзенттерінің өмірімен, шығармашылығымен танысып, оқығыларыңыз келсе, "Жансарайға" қол жеткізіңіздер.

 Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтеді!

Келіңіздер! Оқыңыздар! Көріңіздер!