Наурыз - көне мейрам. Қазақ халқында Ұлыс күні - жыл басы. Жер–Ана бусанып, көктемнің лебі білінетін мезгіл әрқашан қасиетті де киелі саналған Осы күнді «Жаңа жылдың басы, жаңа өмірдің бастауы» деп тану халық даналығы деуге лайық.
Бүгінде Наурыз мерекесі – жай ғана жыл басы немесе мерекелік рәсім емес, Азаттығымыздың рухани айғағы. Халқымызды рухынан ажыратпайтын, жігеріне жігер, салтанатына салтанат үстейтін мереке.
Ұлы мерекеміздің мемлекеттік мәртебе алып, ресми мерекелене басталғанына да 30 жыл болыпты. Бұл - Тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығымен тұспа – тұс келетін мереке, барша қазақстандықтар үшін ортақ қуаныш. Осыған орай кітапханамызда «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.