«Қара алтынымен жаһанды жылытып отырған Қарағанды қара сөз, қара өлеңімен де ел жүрегінің етегіне шырақ жағып, жылыта алады...»
С. Сағынтай.
Екі күнге созылған кітапханамыздың 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық іс-шара алыс-жақын шетелден, еліміздің түпкір-түпкірінен келген кітапхана ісі мамандарын Қарағандыға тоғыстырды. Кітапхана төрінде адамзаттың рухани тыныс-тіршілігінің көзі - кітапхана ісін жандандыруға бағытталған іс-шараның жалғасы ретінде қазақ әдебиетінің, аймақтың шығармашылық шыңдалуына өзіндік үлес қосып жүрген жергілікті ақын-жазушылардың дөңгелек үстел басындағы әңгімемен жалғасты.
Қарағанды өңірі қай заманда да дарынды қаламгерге кенде болмаған өңір. Қарағандының әдеби ортасының талғам биіктігін бүгінгі «Жаңа дәуір әдебиеті: дәстүр және жалғастық» тақырыбында өткен отырыс дәлелдей түсті.