2023 жылдың 12 қыркүйегінде кітапханамызда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің студентері және мемлекеттік қызметкерлерінің жас мамандармен ҚР ПҒА мүше-корреспондеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессоры Түркенов Талғат Қуанышұлы Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты  Қазақстан халқына Жолдауын талқылап және түсіндіру бағытында кездесу өтті.

Жолдаудағы еліміздің экономикалық дамуына басымдық беріп, оның ішінде инвестиция көлемін арттыру, мемлекеттік тапсырыс жүйесін ретке келтіру, корпоративті секторға несие беру мәселелерін шешу, сондай-ақ отандық аграрлық саланы дамытуды қолға алуға тапсырма берілгені туралы тұшымды ойларын жеткізді.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар, назарларыңызға кітапхана қорындағы «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы негізінде шыққан жаңа кітаптар топтамасын ұсынамыз.

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға қазақ тіліндегі әдеби басылым "Әдебиет және искусство" журналының жарнамасын ұсынамыз.

17 қазан күні кітапханамызда қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Ә.Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Әдебиет әлемінің абызы» атты әдеби кеші өтті.

Кештің мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қаламынан шыққан туындыларды жаңа буын өкілдеріне таныстыру. Жастарды парасаттылыққа, өз-ойын еркін жеткізуге, ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын байыту. 

Қаламгердің ғұмыр жолына қарап отырып, ұлт тарихының өткен ғасырдағы тұтас тарауларын көруге болады. Ә.Нұрпейісов бала күнінде қаншама қиындықтарды, ашаршылық сияқты зобалаңдарды басынан өткерді. Он сегізге толар-толмас шағында соғысқа аттанды. Осының бәрі кейін жазушының шығармашылығына арқау болды. Жазушының қаламынан туған дүниелер – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қымбат қазына.

Толығырақ...

Құрметті оқырман қауым! Назарларыңызға "Сирек және құнды кітаптар" қорындағы ең құнды көне кітап Абдуррахман Аль-Джамидің "Араб тілінің грамматикасы" қолжазбасын ұсынамыз.