Фильтр
  • Алтын Орда хандығына 750 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру» керектігін айтқан еді. Ұлытау - қазақ халқының алтын бесігі. Халық осы қасиетті жерде сайланған хандарды ақ киізге көтергендігі туралы баяндаған болатын.

  • «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,

     ол - Тәуелсіз Қазақстан»

    Н. Ә. Назарбаев

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елімізді басқаруда атқарған ұлан-ғайыр істері, тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жылдарын артта қалдырған – үлкен саясаткер болуымен қатар жан-жақты дамыған тұлға.

  • 2020 жылдың 16 наурызынан 26 сәуіріне дейін Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Жеңістің өшпес шырағы" атты эссе жазудан, мүшайра және бейнеролик дайындаудан облыстық байқау жарияланады.

    Байқаудың мақсаты

    • Жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру;
    • Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық қаһармандардың ерліктерін бағалап, Отанға деген сүйіспеншілікті
    ...
  • Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты кітапхана 22 маусым күнінен оқырманға қызмет көрсетуді тоқтатады және онлайн режимге ауысады.

    Кітапхананың оnline қызметтеріне жүгінуді ұсынамыз:

    • Онлайн-каталог - көлемі 350000-нан астам кітаптар мен мақалалардың библиографиялық жазбаларын құрайды. Онда
    ...
  • Құрметті әдебиет сүйер қауым!

    Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор, ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы.

    Осыған орай кітапхана "Білімдіден шыққан сөз" атты Абай шығармаларынан бейнецитата Акциясын жариялайды.