Фильтр
  • Көктемнің алғашқы айы  - наурыз да келіп жетті. Көктем мезгілінде табиғат ана оянып, ерекше көңіл-күй сыйлайды. Наурыз айындағы мерекелерге арналған кітапхана шаралары да аз емес. Арнайы Сіздер үшін қуанышты сезімдер мен ерекше көңіл-күй сыйлайтын әртүрлі кездесулер, шаралар ұйымдастырылады.

    Наурыз айына арналған іс-шаралар жоспары.

    ...
  • Құрметті кітапхана оқырмандары!

    Сіздерді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты шығармашылық кешіне шақырамыз.

    Сіздерді 2015 жылдың 7 сәуір күні сағат 11.00-де кітапханада күтеміз.

     Келіңіздер,  Көріңіздер!

  • «Өмір энергиясы» атты фотобайқау Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткізіледі.

    Байқаудың мақсаты: қоғамның назарын экологиялық басты мәселелерге аударту және экологиялық мәдениетін жоғарлату.

  • Бүгінгі таңда трилогияны қайта оқи отырып, егемендік алу ісіне біздің бабаларымыз – Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандар, Наурызбай, Қобыланды, Бөгенбай батырлар, Төле би, Асанқайғы, Бұқар жырау сынды даналар қаншалықты зор үлес қосқанын ерекше түйсініп, пайымдайсыз...Олар, олардың серіктері мен ізбасарлары өз отанын шексіз сүйді, оның болашағына сенді, осынау көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш-қайрат жұмсады.

  • Самарқанның көк тасын еріткен, елдің ырысын кеңіткен, мұсылман үмбетінің жыл басы болып табылатын  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кітапхана қабырғасында жыл сайын тойланатын дәстүрлі мерекелердің бірі.

    Биылғы Наурыз өзге наурыздардан ерекше болды.

    Наурыз айының 15-күні кітапхана әкімшілігінің қолдауымен "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен "Нұр себеле

    ...