Фильтр
  • 2016 жылдың айтулы мерейтойы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл шара осы жылы өтетін барлық мереке-мейрамның салмағын, мәнін арттыра түспек. Қазақстан Республикасы Елбасы Жарлығымен биыл бірінші рет 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. Осынау кең-байтақ жерімізді мекендеген барша ұлттар мен ұлыстар қиын да күрделі кезеңде, ел сынақтан өткен ауыр уақыттарда бір-біріне демеу болғаны үшін, татулық

    ...
  • Кітапхана іргесінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе жұмыс істейтін "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы Қарағанды жұртшылығын тағы бір танымды тұлғамен жүздестіруге қуанышты.

  • 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Көктемнің алғашқы күндерімен келетін осы ерекше мерекеге орай кітапханамызда "Әйелдер – асыл жандар" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  • Ұлттық әдеби-мәдени жәдігерлерді сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде қолдану, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау елімізде мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе екендігі жалпыға мәлім. Соңғы жылдары республикамыздың жеке аймақтарында (Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан және т.б.) "Сырдария кітапханасы", "Баянауыл кітапханасы", "Алтай - Ертіс кітапханасы", сынды жеке атаулы сериялармен республикаға танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері

    ...
  • Кітапханада еліміздегі ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке – "1 наурыз - Алғыс айту күні" аясында кітап көрмесі ашылды.