2020 жылдың 18 қараша күні Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК мамандары ZOOM платформасында «Сандық технологиялар ғасырында кітапхана ісіндегі қызмет түрлерінің өзгеруі» V облыстық кеңейтілген семинарын өткізді. Аталмыш семинарға Қарағанды облысының барлық кітапхана басшылары мен әдіскерлері қатысты.

Семинар Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Е. М. Теплюктің құттықтау сөзімен ашылды.

Семинардың модераторы Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК басшысы Аманжолова Д. Б. болды.

Семинар бағдарламасы кітапханалық қызметтің барлық бағыттары бойынша өзекті мәселелерді қамтыды. Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімі басшысының м.а. Қарашова А.К. «Облыс кітапханаларының 2020 жылғы қорытындысы», Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана басшысы Шаймұханбетова А. С. «Онлайн жұмыс жағдайында кітапхананы басқару тиімділігін арттыру» атты баяндамалары тыңдалды.

Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК кітапхана ісін автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы Абрамчук Е. облыс кітапханаларының жұмысын бір платформада көрсетіп, үйлестіру үшін YouTube арнасында жұмыс жасайтын «Қарағанды облысының кітапханалары» порталының таныстырылымын өткізді.

«Цифрландыру жағдайында біліктілікті арттыру қажеттілігі» тақырыбы бойынша Мәскеу қаласының «Юрайт» білім беру платформасының әдіскері Колтунова Анастасияның баяндамасының бейнеролигі ұсынылды.

Облыс кітапханалары қызметкерлерінің онлайн жұмысына жасалған талдау бойынша оқырман қатарын көбейтіп, ерекше, қызықты да танымды шаралар өткізген Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Бұқар Жырау, Абай аудандарының орталықтандырылған кітапхана жүйелері үздік атанып, белсенді жұмыстары үшін сыйлықтармен марапатталды.

Жыл басынан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «Білімдіден шыққан сөз...» акциясының қорытындысы шығарылды. Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Балқаш қ. «Кәусәр» әдеби жастар клубының мүшесі Қалымбетов Әбдіғали Нұрдосұлы, Ұлытау ауданы Жезді кенті кітапханасының оқырманы Нұрғалиева Гүлмира Байтұрсынқызы, Қарағанды қаласының «Молодежный» мәдениет үйі алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгінгі таңда кітапханалардың қажеттілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында SMM - таргетолог-маркетолог А.Китибаев «Әлеуметтік желілерде кітапхананы дамыту» атты тренингін өткізді.