Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, кітапханамызда қаламыздың шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және талантты жастардың қатысуымен "Өнерлі жастар – ХХI ғасырдың басты тұлғалары" атты шығармашылық кездесу кеші өтеді.
Кеш барысында қонақтарымыз "Сіздің сүйікті мамандығыңыз – армандар орындалды ма?" деген басты сұраққа жауап беруге тырысады.
Сонымен қатар, біз сіздерге театрландырылған қойылымдар мен тамаша шеберлікпен жасалған қолөнер туындыларын, кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз. Құлақтан кіріп бойды алар керемет ән мен поэзия тыңдап, жас өнер мамандарының асқақ армандары жайлы білетін боламыз. Кеш құрметті қонағымыздың жастарға деген ақ батасымен аяқталмақ.
Шығармашылық кездесу 2016 жылғы 15 қараша күні сағат 11.00-де кітапханамыздың оқу залында өтеді.
Кездесу кешіне келіңіздер! Сіздерге арнап көрермендер арасында қонақтарға қойылатын ең қызықты сұраққа байқау жариялаймыз.