[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_5apreli is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Қазақстан Тәулсіздігінің 25 жылдығына орай 5 сәуір күні Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұлттық аспаптар үніндегі құдірет" атты музыкалық кеш өтті.
Кеш мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, көпшілік қауымға қазақтың төл аспабы қасиетті домбыраның тарихы, домбыра өнерінің жанрлық сан қырлылығы, домбыра жасау өнері туралы сыр шертіп, домбыра өнерін насихаттау. Осы орайда кештің тақырыбына сай ұлттық аспаптар, оның ішінде домбыра туралы құнды әдебиеттер топтастырылған үлкен кітап көрмесі ұсынылды.
Тәрбиелік мәні бар бұл кешке № 45 гимназияның оқушылары мен Қарағанды гуманитарлы және Мода колледжінің студенттері қатысты. Жас буынға Қ.Байжанов атындағы Концерттік Бірлестіктің музыкатанушысы Л.В. Гольская оркестр жайлы қызықты әңгімелей отырып, оркестрдегі музыка аспаптары туралы мағлұмат берді. Әңгімесін ойын түрінде өрбіте отырып, оркестрдің түрлерін жіктеп, Қарағандыда жұмыс жасайтын оркестрлерге ерекше тоқталып өтті.
{gallery}/material/news/2016_5apreli{/gallery}
Ал Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы, Қ.Байжанов атындағы ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері А.Ж. Шоқанбаев қазақтың ұлттық аспаптары сыбызғы, қобыз, домбыра туралы жан-жақты мағлұмат бере отырып, өзі дайындап әкелген шәкірттерінің орындауында ұлттық аспаптардың үнін тыңдауға мүмкіндік туғызды.
{gallery}/material/news/2016_5apreli1{/gallery}
Сонымен қатар, аталмыш колледждің өнерпаз оқушылары домбыраға байланысты туған аңыз "Ақсақ құлан - Жошы хан" атты сахналандырылған қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды. Осы оқу орнынан білім алушы жас күйшілердің орындауындағы Құрманғазының "Сарыжайлау", "Сарыарқа" күйлері келген қонақтардың жүрек қылын шертіп, керемет көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.
Кітапханамыздың қызметкері Нұржан Құлымжанның домбырамен орындаған "Сайра, бұлбұлым" әні кешті әрлендіре түсті.
Кездесуге куә болған әр қатысушы рухани күш алды және өміріне керекті татымды жан азығымен сусындады десек болады.