Шуақты көктем айларының бірі – сәуір де келіп жетті. Бұл айда өткізілетін іс-шаралар мен кітап көрмелері "Зияткер ұлт. Нұрлы болашақ" тақырыбына арналмақ.
Сонымен қатар кітапханашылар қауымы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні, Дүниежүзілік денсаулық күні, қазақ халқының ғашықтар күні, мәдениет қызметкерлері күні және тағы басқа мерекелерді назардан тыс қалдырмады.