Өнер туралы әдебиеттер бөлімі шақырады!
2016 жылдың 01 наурыз күні сағат 11.00-де кітапханамызда "Асыл ана – Ғасыр ана" атты шығармашылық кеш өтеді. Аталмыш шара биылғы жылдың мерейтой иесі, белгіліөнер қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекованың 100 жылдық мерейтойына арналмақ.
Осыған орай, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртістері мен өлкеміздің дарынды тұлғалары, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары кештің қадірлі қонағы болады.
Оқырмандар назарына Хабиба Елебекова шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылады. Театрдағы және кинодағы сомдаған рольдерінен фотоальбом мен өмірбаяны, замандастары мен өнертанушылар жазған естелік жинақтармен таныса аласыздар. Актриса өзі қалам тербеген кітаптарды да көрмеден көруге болады.
Мерейтойлық кешке қатысып, рухани әлемі мен білімін кеңейтемін деген барлық оқырманға есігіміз ашық. Кеш жайлы ақпаратты Өнер туралы әдебиеттер бөлімінен білуге болады. Анықтама телефонымыз: 493375