2016 жылдың алғашқы беттері парақтала бастады. Жаңа күнтізбемен жаңа атаулы даталар легі жалауын көтерді.

26-қаңтар күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиеттану ғылымының бәйтерегі, ақын, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған "Тамырын тереңге тартқан бәйтерек" атты онлайн конференция өтеді.

Конференцияға Алматы қаласындағы "Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы" қоғамдық қорының директоры, профессор Дина Мұхамедхан Қайымқызы, Қайым Мұхамедхановтың шығармашылық өмірбаянын зерттеуші, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің "Шәкәрімтану" орталығының директоры А.Т.Смағұлова, қаламыздағы Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі мен Гуманитарлық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің студенттері һәм ұстаздары және "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшелері мен кітапхана қызметкерлері қатысады деп күтілуде.

Кештің модераторы - белгілі айтыскер ақын, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ нің оқытушысы, ф.ғ.кандидаты Айтбай Жұмағұлов.

Шараға қатысушылар ғалымның өмірі мен шығармашылық мұрасы жайлы тың деректермен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алады. Әдебиеттануға қосқан еңбектері ел назарына ұсынылып, өлеңдері оқылады.

Қызығушылық танытқан барша қауымды

26 қаңтар күні сағат 11.00-де кітапханада күтеміз!