Өткен жылды артқа тастап, жаңа жылға қадам бастық. Биылғы жыл атаулы күндер мен мерейтойларға толы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдығы, көрнекті қоғам қайраткері О.Бөкейхановтың 150 жылдығы, ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығы және алғашқы қазақтың ғалым-математигі, қоғам қайраткері Ә.Ермековтің 125 жылдығы және т.б. Келген жылдың алғашқы күндерінен-ақ кітапхана шаралары басталып кетті.