Құрметті оқырмандар, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары!
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізінде Сіздер үшін
"Ақпаратқа қол жеткізу мәселесі бойынша тегін заңгерлік кеңес" жұмыс жасауда.
Бұл жоба коммерциялық емес ұйым "MEDIALIFE" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен АҚШ елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының аясында іске асырылып отыр. "MEDIALIFE" Қоғамдық қоры – Қазақстандағы сөз бостандығы мен медиа бірлестігін дамыту аясында жұмыс атқаратын коммерциялық емес ұйым.
Жоба АҚШ елшілігінің қолдауымен БАҚ пен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің ақпараттық сұхбат деңгейін арттыру және ақпаратқа қол жеткізудің конституциялық құқығын тиімді іске асыруды дамытуға бағытталған.
Заңгерлік кеңес беру орталығы кітапхананың Американдық Бұрышының негізінде дүйсенбі, сәрсенбі, жексенбі күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Сіз тегін түрде келесі мәселелер бойынша кеңес ала аласыз:
- Мемлекеттік органнан сіздің қандай ақпарат алуға құқығыңыз бар?
- Қоғам үшін қандай ақпарат ашық, ал қандай ақпарат жабық болып табылады?
- Сіздің сұранымыңызға қанша уақыт мерзімінде жауап беруге міндетті? Ақпарат беруден бас тартқан жағдайда не істеу керек?
Сонымен қатар, ақпаратқа қол жеткізу аясындағы басқа да мәселелер бойынша жауап ала аласыздар.
Ақпаратқа қол жеткізу бойынша сұрақтарыңызды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жіберіп, жауапты facebook - "MEDIALIFE" ҚҚ интернет парақшасында "Ақпаратқа қол жеткізу" айдарынан ала аласыз немесе www.medialife.com.kz сайтында сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
Құрметпен "MEDIALIFE" ҚҚ президенті, ҚР Президенті адам құқығының комиссия сарапшысы - Ольга Волкова.