Құрметті оқырмандар, кітапхана жанашырлары мен достар!

Кітапхана ұжымы Сіздерге керемет мүмкіндік сыйлайды. 

23 сәуір Дүние жүзілік кітаптар күні мен авторлық құқықты қорғау күніне орай 20 сәуірден 26 сәуірге дейін "КЕШІРІМ АПТАЛЫҒЫ" акциясын жариялайды. 

Сіздер тапсыруға ұмытып кеткен немесе басқа да себептермен уақытында тапсыра алмаған кітаптарыңызды ешқандай айыппұлсыз кітапханаға қайтара аласыздар. Кітапхана оқырманы ретінде әрі қарай да кітапхана қызметін пайдалана бересіздер.

Асығыңыздар! Уақыт шектеулі! Сіздердің құзырларыңызда тек қана 1 апта бар.