Құрметті кітапхана оқырмандары!

Өмірін өлеңмен өрген поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған "Өлеңін аялаған өр ақын" атты әдеби-сазды кештен қапы қалмаңыздар!

Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына орай ұйымдастырылып отырған кешке Арқаның ардалы ақын жазушылары, облысымыздың мәдени, әдеби өмірінің дамуына айтулы үлес қосып жүрген азаматтары  қадірлі қонақ  ретінде шақырылмақ.

Кеш барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы турасында сөз қозғалып, өрелі өлеңдері оқылады.

Сондай-ақ, кеште "Жыр - Жауһар" поэзия клубының жас ақындары тарапынан  нәзік иірім мен асқақ рухтан туған поэзия жауһарлары оқылып, әннен шашу шашылады.

Поэзияға сусындап, рухани әлемге сапар шеккіңіз келсе, әдеби-сазды кешімізге асығыңыздар!

Сіздерді 2014жылдың 11 желтоқсаны күні сағат 15.00-де кітапханада күтеміз!

Байланыс тел: 8(7212)565-304, 87027638824