Мақсаты: қазақ ақын-жазушыларының және әлем әдебиеті шығармаларын талдауға, жастарды сөйлеу мәдениетіне, өз пікірін ашық айтып, өз көзқарасын дәлелдей білуге баулу, әдебиетке деген таным-біліктілігін шыңдау.
Аталмыш шараға Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында қатысушылар Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасын талқылап, ойларын ортаға салды. Соғыстан кейінгі Ербол мен Меңтайдың махаббаты, тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, туралы түсіндіре отырып, романның танымдық және тәрбиелік маңызын, көркемдік құндылығын атап көрсетті. Махаббаттың құндылығы және оның әрбір адам баласының өмірінде қаншалықты маңызға ие екендігі туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті. Оқырмандарға «Махаббат қызық мол жылдар» атты сериалдан үзінді ұсынылды.
Жалпы, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау мәселесі жалпыхалықтық экологиялық сауат ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Осыған орай, «Ой-орда» пікірлесу клубының кезекті отырысы экология тақырыбына арналды.
Клуб мүшелері Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-нің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Ауелбекова Арайлым Жоровнамен, Қарағанды облыстық мемлекеттік экологиялық департамент басқармасының аға инспекторы - Көлебаев Бахтияр Тілеуғазыұлымен кездесті.