Достар! Бізде жаңа АРТ-МАРАФОН! Баршаңызды «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты сәндік-қолданбалы өнер марафонына қатысуға шақырамыз.

Егер сіз кез-келген техникада, әртүрлі материалдардан авторлық бұйымдар жасасаңыз, онда бұл МАРАФОН тек Сізге арналған!

АРТ-марафон 2023 жылдың ақпан айынан бастап қыркүйек айына дейін өткізіледі! АРТ-марафон шарттарымен Шеберлер Клубының 10 жылдық мерейтойына арналған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты облыстық сәндік-қолданбалы өнер АРТ-МАРАФОНЫН өткізу ережесімен танысуға болады.

Арт-марафонға Қарағанды облысының тұрғындары: мектеп, колледж оқушылары, ЖОО студенттері, мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, әуесқой бірлестіктер мен клубтар, кітапхана пайдаланушылары шақырылады. Қатысушылардың жасы 16 жастан бастап және одан жоғары.

 Арт-марафон келесі номинациялар бойынша өтеді:

  • -  Сәндік кескіндеме;
  • -  Көркем өрнектеу;
  • -  Киізден жасалған бұйымдар;
  • -  Ағаш ою;
  • -  Авторлық қуыршақтар;
  • -  Зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар;
  • -  Тоқу және кестелеу;

АРТ-марафон туралы ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+77022647401 Оспанкулова Балжан

Арт-марафон үш кезең бойынша өткізіледі:

  • бірінші кезең: Арт-марафонға қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2023 жылдың 01 ақпаннан 09 сәуіріне дейін өтеді. Өтінімді (1-қосымша) Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштаға жіберу қажет.
  • екінші кезең: 2023 жылдың 10 сәуірі мен 31 тамызы аралығында Арт-марафон талаптарына сәйкес келетін жұмыстарды қабылдау;
  • үшінші кезең: қазылар алқасы мүшелерінің Арт-марафонға қатысуға жіберілген жұмыстарын бағалау 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қыркүйек аралығы.

Арт-марафонының нәтижелері кітапханамыздың сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Кітапхананың сайты: www.karlib.kz

Instagram – @karlib_kz @clubmasterov_krg

Facebook – Қарағанды ОӘҒК

 

АРТ-марафонға қатысып жақсы көңіл күй мен сыйлықтар алуға асығыңыздар!

Ай кітабы