Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпақа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» ,– деп жазушы Ғ.Мүсірепов айтқандай білім мен күш кітапта.
Кітапханамызда Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне арналған «Кітапхана. Оқу. Жастар» тақырыбында жастардың НеКонференциясы өтті.
Шараның мақсаты – кітап пен оқуды ілгерілету, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және өскелең жас ұрпақтың рухани-зияткерлігін дамыту.
Аталмыш шараға көркем сөз бен маржан жырдың талантты иелері, «Орталық Қазақстан» газетінің тілшілері Ерқанат Кеңесбекұлы мен ақын Ерік Нарын, жастар саясаты орталығының қызметкері Ә.Б. Борашұлы сөз сөйлеп, кітапқа қатысты пікірлерін айтып, ізгі тілектерін білдірді. Жоғарғы оқу орындарынан ҚарУ, КЭУ, Болашақ, Қарағанды медициналық интер колледждерінің студенттері және «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысы.
Шара барысында «Кітапқа деген сұраныс қандай?», «Дәстүрлі кітапты немесе электронды форматта оқу?», «Жастар кітап оқи ма?», «Жастар қандай жанрдағы кітаптарды оқиды?» және тағы басқа да сұрақтар төңірегінде пікір таласуға ұласты. Сонымен қатар, кітапханада өткен кітаппен оқуды ілгерілету мақсатында креативті форматтағы шараларды кең түрде өткізуге жастар ұсыныс тастады.
Шығарма желісі бойынша түсірілген кинофильмдерден «Әдебиет және кино» атты бейне викторинасы ұсынылып жастар қандай жазушының шығармасы екенін тапты.
Еркін форматта өткен шарада Жастар өздері оқыған жасөспірімдер арасында сұранысқа трендке айналған шығармаларды, оның ішінде Қ.Жолдыбайұлының «Kemel adam», Қ.Шонбайдың «Q п Я», америкалық жазушы, психолог Л. Хейдің «Өмірің өз қолыңда» кітаптары жайлы айтып оқығандарын ортаға салды.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Н.К. Сиязбаев жастарға сөз сөйлеп «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» Абай атамыз айтқандай, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші, жастарға кітап оқыңыздар кітап-сарқылмас рухани қазына-деп ыстық лебізін білдірді.
Сонымен қатар, шараға қатысқан кітап сүйер қауымға «Жастар оқиды және кеңес береді» атты кітап көрмесі арқылы кітапхана қорындағы ең таңдаулы кітаптар ұсынылды.