Құрметті оқырман!

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, "Мәдениет саласының үздігі", "Жақсы шығармашылығы үшін" медалінің иегері Рахман Айбекұлы Бертілеудің шығармашылық еңбек жолын қамтитын, суретшінің көпжылдық еңбектері енген "Санадағы ағыс" атты альбом мен Қазақстандағы белгілі суретші Қадырбек Каметовтың графикалық жұмыстары, жалпы шығармашылығы қамтылған "Өмір мен табиғат үндестігі" атты кітап"Өнер туралы әдебиеттер бөлімі" қорын толықтырды.Аталмыш екі басылымда суретшілердің әртүрлі өнер саласынан еңбектері берілген.

Толығырақ...

Құрметті оқырман, өнер сүйер қауым, кино өнерінің зерттеушілері!Қазақ өнерінің қара нары, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Қазақстан Мемлекттік сыйлығының иегері, актер Асанәлі Әшімовтың 75 жасқа толу мерейтойы қарсаңында жарық көрген "Асанәлі Әшімов" атты фотоальбоммен таныс болыңыздар. "Өнер туралы әдебиеттер бөлімі" қорындағы аталмыш фотоальбом актердің өмірбаяны мен әр жылдары ойнаған киноларынан сыр шертеді.

Толығырақ...

Күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналып, сыршыл да сырбаз композитор атанған Шәмші Қалдаяқовтың қайталанбас әндері қаншама жылдар, ғасырлар өтсе де әрбір тыңдаушы жүрегіне жол табатыны даусыз. Шарықтап шырқала береді.

Толығырақ...

2015 жыл республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша І. Есенберлиннің "Көшпенділер"  атты тарихи трилогиясы Қазақстанда қалың оқырман қауымға жыл кітабы болып ұсынылды. Ол биылғы қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар!

Биылғы мерейтойлы тарихи даталар ішінде ең айтулы оқиғалардың бірі — Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы.

Жыл басынан еліміздің барлық түкпір-түкпірінде ардагерлерімізді құрметтеуге, олардың ерліктерін жас ұрпақтың жадында мәңгі сақтап қалуға бағытталған әртүрлі игі шаралар ұйымдастырылуда.

Осы орайда, соғыс және тыл ардагерлерінің құрметіне арналған шараларыңызға көмек құралы ретінде болатын "Қалықта, қаһарман ән" және "Лейся, песня победы" атты әндер жинағынұсынамыз.

Сонымен бірге, электрондық ресурс көзі болып табылатын екі CD дискіні де пайдаңызға жаратады деген ойдамыз. Сұрапыл соғыс кезіндегі танымал әндер Ә. Дінішев пен Д. Назарбаеваның орындауында ұсынылады.

 

Ашық аспан аясында мерекелік әндер қалықтай берсін. Шараларыңызға көмекші болатын кітапханамыздың есігі әрқашан ашық. Келіңіздер,оқыңыздар!

Днишев, А.   Песни военных лет [Электронный ресурс] : [сборник] / А. Днишев. - Алматы :LaserMaster, 2000. - 2 эл. опт.диск (CD-ROM).

 Песни Великой Отечественной войны из репертуара Дариги Назарбаевой [Текст] : [сборник]. Вып. 2 / сост. Т. А. Урманчеев ; ред. А. А. Тлеубергенов. - Алматы : Гуманитарный фонд "Дегдар", 2011. - 75 с.