Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын «Яссы – Түркістанның рухани орталығы» ғылыми-деректі фильмі – өркениеттің бірегей құбылыстарының бірі – Еуразияның далалық аймағындағы көшпенділер мемлекетінің рухани және ұлттық саяси орталығының қалыптасуына ықпал еткен, ХVI-ХVIII ғасырларда Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған Түркістан қаласына арналған фильм.

Қазақстанның мәдени мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген, сценарий авторлары Б. Тұяқбаева мен А. Проскуриннің ғылыми-зерттеу материалдарының негізінде түсірілген. Фильмді көріп, сонымен қоса Сіздерді қызықтырған  көне «Түркістан» қаласы туралы  мәліметтер керек болса, облыстық кітапхана қорындағы кітаптарды Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:

Берденова Қ.А. Түркістан қаласы - өркениет ордасы; саяси және рухани орталық ретіндегі тарихы  : (XII-XIX ғғ.екінші жартысы) [Мәтін] : автореферат / Берденова, Қ.А., 2006. - 30 б.

Кун А.Л. Түркістан альбомы. 1871-1872 [Мәтін] : тандаулы фотосуреттер / А. Л. Кун, 2005. - 168 б.

Қасымбеқ. С. Түркістан театры [Мәтін]. 1-том, 2005. - 215 б.

Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар [Мәтін] / М. Мырзахметұлы, 1998. - 368 б.

Малдыбекова М.А. Түркістан Республикасының межеленуі және Қазақ КСР-нің  территориялық тұтастық мәселесі [Мәтін] : автореферат / М. А. Малдыбекова, 2002. - 29 б.

Салықов  К. Түркістанға тағзым [Мәтін] : өлеңдер мен поэмалар / К. Салықов , 2012. - 258 б.

Смағұлов Е. Түркістанның ортағасырлық тарихы [Мәтін] : [тарихи шығарма] / Е. Смағұлов, М. Тұяқбаев, 1998. - 51 б.

Түркістан [Мәтін] : Фотоальбом / құраст. Р. Насырова, 1993. - 200 б.

Түркістан [Мәтін] : Халықаралық энциклопедия / ред. Ә. Нысанбаев, 2000. - 656 б.

Фазылов Н. Түркістан хикаялары [Мәтін] : повестер, әңгімелер,естеліктер / Н. Фазылов ; ауд. К. Сейдеханов, 1987. - 462 б.

Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры [Мәтін] / құраст. Б. Серікбайұлы Қошым-Ноғай, 1992. - 184 б.

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi сiздердi асыға күтеді!

Келіңіздер! Оқыңыздар!