Өнер әрқашанда өмір шындығын бейнелейді. Ол уақыт тасқынының бірден-бір жарқын, таза кезеңін кескіндеп оның ең мөлдір маржанын теріп кітапқа түсіреді.

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің кітап қоры — дәстүрлі және қазіргі заманғы көркем шығармалардың барлық бағытын, өнердің барлық саласын қамтиды. Мұнда өнердің әрбір саласын қазіргі заманымызға сай кітаптар мен альбомдар, бейнелеу өнері, музыка, театр туралы әдебиеттермен, мерзімді басылымдар бар, және қор ноталармен, мультимедиялық DVD энциклопедиялар топтпмаларымен толықтырылған.

Сіздерге жан-жақты библиографиялық — ақпараттық көмек:

  • анықтамалық кітап қоры,
  • мақалалардың дәстүрлі және электронды картотекасы,
  • ноталар каталогы,
  • жылнамалар,
  • «Қазақ өнеріндегі өнегелі адамдар» электронды картотекасы,
  • Қазақстан өнерін насихаттау көп мағыналы «Атамекен» бағдарламасы.
  • «Әлемдік көркемдік мәдениет» бағдарламасы

Өнер шеберлерімен өткізілетін кездесу кештері, безендірілген кітап көрмелері, тақырыптық әдебиеттер сіздерге:

  • Өнер адамдары және шығармашылық саласының оқытушыларына мәдениет туралы жаңа ақпараттар алуға көмектеседі;
  • Студенттерге — мәдениеттану және өнер тарихын танып білуге көмектеседі;
  • Кураторларға — жастардың мәдени демалысын ұйымдастыруға көмектеседі;
  • Әуесқой суретшілер — сіздерге бейнелеу өнерінің әр саласынан шеберліктеріңізді шыңдауға көмектеседі;
  • Өнер адамдарының еңбек жолдарымен таңысуға — романдар, повестер, әңгімелер, естеліктер көмектеседі.

Өнер бөлімінде қызмет көрсетіледі:

  • кітапхана бойынша экскурсия;
  • көпшілік іс-шараларын ұйымдастырады;
  • ғылыми жұмыстарға библиографиялық тізім құрастырады;
  • ноталық жылнамалар бойынша әндер іздестіреді.

Бөлім басшысы: Балжан Зейнеловна Оспанкулова

Бөлiм тарихы

Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009

70-ші жылдары үкімет пен партияның қаулыларында көрсетілгендей халыққа эстетикалық тәрбие беру жұмысы мақсатты мәселе болды. Осы мақсатты жұмысты жүзеге асыру үшін өнер туралы мамандандырылған әдебиеттер бөлімі ашылды. 1972 жылдың 1-ші қаңтарында бөлімді штат бойынша 3 адам жұмыс істеді. Жаңадан ашылған бөлімнің негізгі жұмыс бағыттары мынандай болды:

  • Шығармашылық зиялы қауыммен жұмыс;
  • Көпшілік оқырмандар арасында эстетикалық білімді насихаттау;
  • Облыс кітапханаларына эстетикалық тәрбие туралы әдістемелік басшылық жасау.

Жаңа бөлім бірден Қарағандыдағы шығармашылық ұйымдармен: театрлар, филармония, мұражайлар, көркем мектебі, шығармашылық ұйымдар одағы, т.б. тығыз байланыс құрды. Зиялы қауыммен жұмыс жасауды үйлестіру жоспары жасалды. Осы жоспарға сәйкес қаладағы мамандарға ақпараттық қызмет көрсету жұмысы жүргізілді. 1979 жылдан бастап бұл жұмыс мәдениет және өнер туралы ақпарат секторымен бірлесе жүргізілді.  Бөлім ақпараттар күндерін,  шығармашылық мамандар күндерін, музыкалық мектептер мен училище ұжымдарымен арнаулы кездесулер өткізуді ұйымдастырды.

Сонымен қатар шығармашылық мамандар қарағанды облысының өнерін насихаттауға арналған кітапханалық іс-шараларға белсене ат салысты. Бұл жылдары драма театрларының әртістері, филармония қызметкерлері, суретшілер мен композиторлар кітапхананың үйреншікті қонақтары болатын.

70-80 жылдары эстетикалық тәрбие мәдениет халық университеттері арқылы жүргізілді. Бөлім «Білім» қоғамымен бірлесіп мәдениет халық университетінің әдебиет факультетін (Молодежный ауданында), өнер факультетін (Қарағанды металлургия комбинатында) және «Өнер туралы» лекториялар ұйымдастырды.

Халық университетінің сабақтары Қарметкомбинат және Молодежный аудандық Мәдениет үйінің базаларында өткізілді. Университет Бағдарламасы кітап құмарлар қоғамының, ҚарМУ оқытушыларының, металлургтар Мәдениет Сарайының қатысуымен жасалды. Осындай жүйемен эстетикалық тәрбиеге жылына 2000-дай адам тартылды. Оқырмандар арасында, әсіресе жастар мен студенттер және мектеп оқушыларының арасында лекториялар тартымды өтті. 70-ші жылдардың соңында бөлім базасында «Публицист» пікір-сайыс клубы ұйымдастырылды, мақсат публицистикалық әдебиеттерді насихаттау.

Бөлімнің негізгі мақсаттарының бірі Қазақстанның өнері мен мәдениеті туралы әдебиеттерді насихаттау. Қазақстан тарихындағы әрбір атаулы күндерді бөлім атап өтеді. Кеңестік Қазақстанның 60 жылдығына арнап «Дала әуені», «Қазақстан архитектурасы», «жаңарған Қазақстан» іс-шаралары өткізіліп кітап көрмелер циклі ұйымдастырылды. Бөлімде «Қазақ ССР өнері» тұрақты кітап көрмесі жұмыс істеді.

Өнер туралы әдебиеттерді насихаттау жұмыстарын мақсатты жүргізуге көлемді ақпараттық-библиографиялық аппараттың көмегі көп болды. Бөлімде алғашқы күннен бастап ноталар каталогы, фонотека, музыка және театр сыншыларының картотекасы, «театр» журналында жарияланған драмалық шығармалар картотекасы, «Көркем өнерпаздар үйірмесі жетекшісіне көмек», «музыкант-педагогке көмек», т.б. картотекалар ұйымдастырылды. 80-ші жылдары жалпы АБА-тан «Қазақстан өнері», «Қазақстанның бейнелеу өнері», «Қарағанды суретшілері», «Аты Қазақстан өнерінде» картотекалары бөлінді.

Бөлімнің кітап қоры туралы, Бөлім меңгерушісі Г.С.Кудрявцеваның қарқынды еңбегінің нәтижесінде 1972 жылдың соңын ала бөлім қоры 8000 дананы құрады, оның ішінде ноталар 1,5 мың, грамжазбалар 200-ден астам. Одан кейінгі кездерде жылына 2000 данаға қор өсіп отырды. 90-шы жылдардың басында бөлім кітаптар жинағы, альбомдар, ноталар, репродукциялар, күй табақтарының бай қорына ие болды. Осы қордың негізінде Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУдың көркем-графикалық факультеті үшін «Өнер теориясы және тарихы», «Қазақстан өнерінің тарихы», «Әлемдік көркем мәдениет» арнаулы курс бағдарламасы жасалды. 90-шы жылдары қымбатшылыққа байланысты қорды толықтыру нашар жүрді.Іс жүзінде өнер туралы кітаптар, альбомдар, репродукциялар алынбады. Мысалы: 1999 жылда өнер туралы барлығы 41 дана кітап түссе, оның 23 данасы Сорос-Қазақстан Қорының тарапынан келді.

2000 жылдан бастап өнер туралы әдебиеттер негізінен «Пушкин кітапханасы» мегажобасы есебінен түсе бастады. Соңғы жылдары бөлім Қазақстан өнері туралы әдебиетпен және қазақ тілінде, оның ішінде компакт дискаларымен жеткілікті түрде толықтырылады.

1993 жылдан бастап бөлім жалпыкітапханалық «Атамекен» бағдарламасының аясында Қазақстанның көркем мәдениеті туралы әдебиеттерді насихаттау жұмысын бастады. «Қазақстанның көркем мәдениеті» медиатекасын құру»  бағдарламасын жасады. Бағдарлама аясында қорды құру жұмыстары барлық насихаттық іс-шаралар жүргізілді. Бөлімнің жанынан «Өнерді сүю де өнер» лекторийі ұйымдастырылды. Өнер туралы әдебиеттер бөлімі өткізген іс-шаралар жастарға эстетикалық тәрбие беріп қазақстанның ұлттық мәдениетінің құндылықтарын білуге баулиды. Соңғы жылдары бөлім Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Доскейдің, Н.Тлендиевтің, Мәдидің, Ж.Елебековтың, Ш.Қалдаяқовтың, Е.Брусиловскийдің, Д.Нүрпейісованың шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кештер ұйымдастырды. Қарағанды облысының өнерін дәріптеуге де бөлім үлкен үлес қосуда.

Бөлімнің жанында тұрақты жұмыс жасайтын Мастер-класс аясында өткізілген іс-шаралардың ақпараттық ықпалы мол. Лекторийлер мен мастер-класста қамтылған тақырыптар аясы оның тыңдаушыларының шығармашылық деңгейін, бөлімнің оқырмандар қатарын анықтауға мүмкіндік береді.

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі алғашқы күннен бастап-ақ облыста эстетикалық білімді насихаттаудың әдістемелік орталығы болды. Қарағанды, Шахтинск ОКЖ мамандандырылған бөлімдер құрылуына, аудандық және қалалық ОКЖ-де өнер туралы әдебиеттердің қоғамдық секторларын ұйымдастыруда әдістемелік және практикалық көмектер көрсетті: кітапханаларға көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар жасады және облыстық, жылжымалы семинарлар өткізілді. Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің жұмыс тәжірибесі ғылыми-әдістемелік «Қазақстан кітапханалары» және «Қазақстанда кітапханатану және библиография» жинақтарында жарияланды.

Қазіргі уақытта бөлім электронды каталог құру жұмысына қатысады және «Аты – Қазақстан өнерінде» электронды картотекасын жасауда.

30 жылдан астам тарихы бар бөлімде кітапханашылар мен оқырмандардың бірнеше буындары ауысты. Бұл бөлімде өз ісін шын ұнататын, жеке тұлғалардың творчестволық өсуіне жан-жақты, тиімді ықпал ететін мамандар істеді. Бөлімнің алғашқы қызметкерлері Л.А.Рахалина, К.Г.Аврутина, М.И.Кравцовалар болды. Бөлім меңгерушілері болып 3 адам ауысты. Алғашқы меңгерушісі – Крупская атындағы Ленинград мәдениет институтының түлегі, М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы МКК-да, В.Г.Белинский атындағы Свердлов облыстық кітапханада тәжірибе жинақтаған Лебедева Людмила Павловна болды. Одан кейін Галина Степановна Кудрявцева болды.Ол ғылыми-әдістемелік бөліміне ауысып, оның орнында аз уақыт К.Г.Аврутина меңгеруші болды.

 Бірақ іс жүзінде меңгерушілік жұмысты Л.С.Карпунина атқарды, оны бөлім меңгерушілігіне 1978 ж. ресми түрде тағайындады. Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қалада өнер туралы біліми, ақпараттық орталық саналуы ең әуелі Л.С.Карпунинаның еңбегі. 1973 жылы Қарағанды мәдени-ағарту училищесін бітірген жас маман кітапхананың өнер әдебиеттері бөліміне келді, содан бері оның барлық өмірі осы бөліммен байланысты.

Людмила Сергеевна кітапханадағы ең озық тәжірибелі мамандардың бірі, ол қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, үнемі ізденіс үстінде және бөлімдегі барлық жаңалықтардың бастамашысы. Бөлімнің тұрақты оқырмандары мен достары – актерлер мен режиссерлер,  өнертанушылар мен ЖОО оқытушылары, мұражай қызметкерлері. Қазақстанның мәдениеті мен өнерін, әлемдік көркем мұраларды насихаттайтын көптеген көпшілік іс-шаралары өткізіледі. Л.С.Карпунина әр қашанда шығармашылық ізденісте болады, ол өзінің жоғары категориялы кәсіби маман екендігіне қарамай білімін жетілдіріп, кітапханадағы мамандықты  жетілдіру жүйесіне белсене қатысады. 2001 жылы ол кітапхана туралы «Түңгі директордың көзқарасы» бейне фильмінің сценарийін жазды. Оның бөлімінің жұмыс тәжірибесі туралы мақалалары кәсіби журналдарда жарияланды.

Л.С.Карпунина ұжымда үлкен беделді. Оның көзқарасымен, пікірлерімен тек кітапханашылар емес оқырмандар да санасады. Оның қайырымдылығы, қашанда  көмек көрсетуге дайын тұратын мейірімділігі, тыңғылықтылығы мен ұқыптылығы өзгелерден ерекшелігін аңғартады.

Іс жүзінде кітапханада өткізілетін ірі іс-шаралар Людмила Сергеевнаның, өнер бөлімінің қатысуынсыз болмайды.

Л.С.Карпунина ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің, облыстың мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.