Құрметті оқырман, өнер сүйер қауым, кино өнерінің зерттеушілері!Қазақ өнерінің қара нары, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Қазақстан Мемлекттік сыйлығының иегері, актер Асанәлі Әшімовтың 75 жасқа толу мерейтойы қарсаңында жарық көрген "Асанәлі Әшімов" атты фотоальбоммен таныс болыңыздар. "Өнер туралы әдебиеттер бөлімі" қорындағы аталмыш фотоальбом актердің өмірбаяны мен әр жылдары ойнаған киноларынан сыр шертеді.

Оның жастық шағы, студентік кезі, қатарлас құрбы-құрдастары, өнердегі әріптестерінің бейнесісурет арқылы уақыт қойнауынан сырғып, көз алдарыңыздан өтеді. Әр суреттің айтары бар, бөлісер ойы бар екені шүбәсіз. Жарқын дасәулелі сәттер сақталған парақтар кино өнерінің, жалпы өнер атты құбылыстың сиқырлы ғаламатымен бөліседі. Фотоальбомнан алған әсерлеріңіз толыққанды болуы үшін Сіздерге Асанәлі Әшімов әр жылдары ойнаған кинолардың дискілерін ұсынамыз. Актерді әлемге танымал еткен "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспрессі", "Ән қанатында", "Тұлпардың ізі", "Нан дәмі", "Қазақы оқиға", тағы да көптеген кинолар мен ол режиссерлік етіп түсірген "Аждаһа жылы", "Шоқан", "Жусан", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Тұзды көл жағасындағы үй" атты фильмдер енгізілген дисктер жинағын да "Өнер туралы әдебиеттер бөлімінен" таба аласыздар. Қазақтың жарық жұлдызы, аты аңызға айналған дара тұлға – Асанәлі әлеміне үңіліп көріңіздер! Ең әдемі, ең сырлы, ең пайдалы шығармалар мен жаңалықтарды өздеріңізбен бөлісуге әрдайым дайынбыз, құрметті оқырман! Келіңіздер, асыға күтеміз!

А. Әшімов туралы кітапхана қорындағы басылымдар Сіздердің назарларыңызға:

Абаилдаев, Т. Ел ардағы - Ас-ағам! [Мәтін] / Т. Абаилдаев  // Театр. kz. - 2012. - № 9. - 24-27 б.

Асанәлі Әшімов [Мәтін] : 70 жыл / автор идеи И. Б. Искаков ; текст Б. А. Баймулдина ; мастеринг К. Газиев ; фото, дизайн обложки А. Власюк., [2011?]. - 12 эл. опт. диск (DVD-ROM) (Введенооглавление)

Асанәлі Әшімов [Мәтін] : фотоальбом / алғыс сөз С. Қирабаев, 2012. - 318 б.

Асанәлі Әшімов 70 жаста [Мәтін] : буклет / суретші. Ғ. Мұқтарова , 2006. - 39 б.Асанәлі Әшімов (1937) [Мәтін] // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2014. - № 7. - 5-50 б.

Әшімұлы А. Жан бөлек [Мәтін] / А. Әшімұлы, 2001. - 48 б.

Әшімұлы А. Майраның әні [Мәтін] : Жар рухымен сырласу / А. Әшімұлы, 1995. - 240 б.

Бөпежанова, Ә. Жұлдыз жарығы [Мәтін] : асанәлі Әшімов Жазушылар одағының мүшелігіне не үшін қабылданған? / Ә. Бөпежанова // Егемен Қазақстан. - 2013. - 15 қаңтар (№ 21). - 7 б.

Дәуренбеков, Ж. Тұлға мен тағдырлар толғауы [Мәтін] : (деректер прозасының дәйекті дүниелері хақында) / Ж. Дәуренбеков // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 5-11 қазан (№ 41). - 10 б.

Қазақстан өнері [Мәтін] : Жылнама - 1980 / құраст. Ж. Дәуренбеков, 1982. - 104 б.

Қирабаев, С.  Асанәлі [Мәтін] / С. Қирабаев // Егемен Қазақстан. - 2012. - 28 маусым (№ 356/357). - 5-6 б.

Кірқабақов  А.  Ұзақ жасаудың сыры [Мәтін] : [сұхбат] / А. Кірқабақов, 2013. - 287 б.

Оразбаев, С. Тазарғың келсе, театрға бар [Мәтін] / дайындаған А. Сейілова // Егемен Қазақстан. - 2015. - 28 қаңтар (№ 17). - 7-8 б.

Сәрсенбай, Қ.  Қос қанат [Мәтін] / Қ. Сәрсенбай // Егемен Қазақстан. - 2014. - 8 қаңтар (№ 3). - 5 б.

Сығаев Ә. Сахнаға сапар [Текст] : Драматургия мен театр мәселелері хақында / Ә. Сығаев, 1990. - 192 с.

Сығай Ә. Сахна саңлақтары [Мәтін] / Ә. Сығай, 1998. - 510 б.

Сығай Ә. Актер әлемі [Мәтін]. 1 том / Ә. Сығай, 2008. - 271 б.

Сәрсекеев, Қ.  Асанәлі [Мәтін] / Қ. Сәрсекеев // Дарабоз. - 2014. - № 7/8. - 64-73 б.

Сығай, Ә.  Саңлақ [Мәтін] / Ә. Сығай // Егемен Қазақстан. - 2014. - 12 наурыз (№ 48). - 5 б.