Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын «Яссы – Түркістанның рухани орталығы» ғылыми-деректі фильмі – өркениеттің бірегей құбылыстарының бірі – Еуразияның далалық аймағындағы көшпенділер мемлекетінің рухани және ұлттық саяси орталығының қалыптасуына ықпал еткен, ХVI-ХVIII ғасырларда Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған Түркістан қаласына арналған фильм.

Қазақстанның мәдени мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген, сценарий авторлары Б. Тұяқбаева мен А. Проскуриннің ғылыми-зерттеу материалдарының негізінде түсірілген. Фильмді көріп, сонымен қоса Сіздерді қызықтырған  көне «Түркістан» қаласы туралы  мәліметтер керек болса, облыстық кітапхана қорындағы кітаптарды Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:

Толығырақ...

Назар аударыңыздар!!!
Құрметті өнер сүйер қауым!

 

  Сырым да – осы,

Жырым да – осы,

Алдымда!

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махандар жоқ,

Махандардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Мұқағали Мақатаев

Кітапхана қоры әруақытта жаңа әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен және заман талабына сай электронды нұсқалық басылымдармен толықтырылып отырады. Бүгінгі күні электронды кітаптар оқырмандардың сұранысына ие. Сондықтан осы сынды  басылымдармен кітап қорын толықтыру, әрине, басты міндеттің бірі болып табылады.

Осыған орай, Сіздердің назарларыңызға "Абырой" - қазақ мәдениеті мен тілін дамыту қорының бастамасымен "Жыр-ғұмыр" жобасында жарық көрген алғашқы электронды кітапты ұсынамыз. Бұл кітап ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған.

Қазақ поэзиясындағы айтулы тұлғалардың бірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы жайлы біліп, қалаған тақырыбындағы жырларды таңдап оқу мүмкіндігіне ие боласыздар.

Толығырақ...