Шеберлер Клубтың 10 жылдық мерейтойына арналған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты облыстық сәндік-қолданбалы өнер

облыстық Арт-марафоны

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 1 ақпан күні Шеберлер Клубының 10 жылдығына арналған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» облыстық сәндік-қолданбалы өнер Арт-марафоны жарияланды.

Арт-марафонның мақсаты мен міндеттері:  Кітапхананың рөлін Қарағанды облысы тұрғындары буынының сұхбаттық әрі танымдық, шығармашылық қарым-қатынасы алаңы ретінде арттыру және ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Арт-марафонға 16 жастан бастап және одан жоғары Қарағанды облысының тұрғындары: мектеп, колледж оқушылары, ЖОО студенттері, мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, әуесқой бірлестіктер мен клубтар, кітапхана пайдаланушылары шақырылды.

Арт-марафон келесі номинациялар бойынша өтті: сәндік кескіндеме, көркем өрнектеу, киізден жасалған бұйымдар, ағаш ою, авторлық қуыршақтар, зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар, тоқу және кестелеу.

Шығармашылық жұмыстарды бағалау және Арт-марафон жеңімпаздарын анықтауға әділ қазылар алқасының құрамы:

ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Бейнелеу және дизайн кафедрасының аға оқытушысы - Қалмаханов Мадихан Сейтмаханұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, авторлық қуыршақ жасау шебері - Авилова Елена Вадимовна,  көркем еңбек оқытушысы, кестелеу шебері - Қарашолақов Берік Амантайұлы өткізді.

Марапаттау рәсімі 2023 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 11.00-де С. Ерубаев көш., 44 мекен-жайында орналасқан Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтеді.

Б.З. Оспанкулова