«Бүгінгі сән – КІТАП ОҚУ!» аттыбалалар мен жастар кітабының апталығыныңаясында ұйымдастырылған алғашқы шара «Өмірімді өзгерткен кітап» аттыпікір алмасу алаңында кездесу өтті. Өзекті тақырыпқа ойларын ортаға салып, жастарға бағыт-бағдар беру үшін С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов, Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңесінің басшысы, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұл, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы-ақын, Республикалық «Қасым» әдеби-танымдық журналының бас редакторы Серік Сағынтай келіп қатысты.

Кітап таңдап, оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне, осы асыл қазына төңірегінде тұшымды ойлар айтылып, ғибратты сөз тілге тиек етілді.

«Өміріңізді өзгерткен кітапқа дейінгі оқыған кітаптарыңыз қандай еді» деген сұрақтан бастаған модератор Эльмира Сайлауқызы, қонақтарымызды балалық шаққа дейін апарып, албырт жастық шақпен қауыштырғандай болды. Пілте шамның жарығымен кітап оқу ләззаты, кітаптың тапшылығынан балалар арасындағы тартыс, дауыстап оқу арқылы актерлік қабілет пен сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы, кітапты мазмұндау арқылы тіл байлығының дамуы сынды қасиеттерге жеткендері жайлы тамаша әңгіме өрбіді.

Әңгіме барысында қонақтарымыз жастарға Герман Мелвиллдың «Мо́би Дик, немесе Ақ кит» романын, қасиетті Құран кітабын, тарихи шығармаларды оқуға ұсынды.

Жиылған жастар өздері оқитын кітаптармен бөлісе отырып, бүгінгі кездесуде жеңіл кітаптардан алшақ болумен қатар, сүбелі әңгіме қозғалып ерекше әдебиеттер ұсынылғаны қуантты деп ой бөлісті. Кездесуден жастардың бойы рухани азықтанып, ерекше күйге бөленгені сезілді.

Кітапхана басшысы Д. Аманжолова Қайрат Кемалов мырзаға театр мен кітапхана бірлесіп жас актерлерге «Оқырман клубын» ұйымдастыруды ұсынды.

Жақсы идеялар мен ұсыныстар орын алған бұл кездесу көпшіліктің есінде қалатыны сөзсіз.

Тікелей эфир