Құрметті оқырмандар!

ОҒӘК қоры «Алтын қалам» сериясы бойынша шығарылған жаңа кітаптармен толықтырылды.

"Ан Арыс" баспасынан жарық көрген басылымдарды назарларыңызға ұсынамыз:

Серия "Алтын калам" 

 84(5Қаз)6-4

А 31

Аймауытов, Ж. 

       Ақбілек. Қартқожа [Мәтін] : романдар / Ж. Аймауытов. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - 376 б. : портр. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-39-8 (мұқ.) : 750.00 тг.

Жүсіпбек  Аймауытов-өткен ғасыр елең-алаңында ел рухы мен ұлт әдебиетін асқақтата көтерген, қайталанбас қолтаңбасы бар ұлы жазушыларымыздың бірі.

Қазақ романының ұлы көшін «Ақбілекпен» бастап, «Қартқожа» секілді ғажайып көркем дүниесімен ілгерілеткен, биік белеске жеткізген суреткердің айтулы екі шығармасы кітапқа еніп отыр.

Кітап қазақ көркем әдебиетін сүйіп оқитын оқырмандарға арналады.

 

 84(5Қаз)6-5

А 52

Аманжолов, Қ. Р.

       Өлеңдер мен поэмалар [Мәтін] : [жинақ] / Қ. Аманжолов. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - 293 б. : портр. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-31-2 (мұқ.) : 400.00 тг.

 Қазақтың талантты ақыны Қасым Аманжолов өз заманының өнегелі жыр жампозы, аты аңызға айналған қаламгерлердің бірі.Сандаған өнер сүйгіш ұрпаққа ұстаз, поэзия әлемінде мұз жарғыш кеме іспетті.

Бұл таңдамалы жинаққа ақынның белгілі өлеңдері, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран» секілді әйгілі бес поэмасы топтастырылып отыр.

Кітап өлеңді қастерлеген жалпы оқырманға арналады.

 

84(5Қаз)6-5

Ә 55

Әлімқұлов, Т. 

       Ақбоз ат [Мәтін] : роман / Т. Әлімқұлов. - Алматы : Ан- Арыс, 2010. - 319 б. : портр. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-89-3 (мұқ.) : 750.00 тг.

Көркем әдебиеттің көріктене түсуіне өзіндік үлесін қосқан, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтеру жолында тер төккен жазушы Тәкен Әлімқұловтың бұл жинағына «Ақбоз ат» атты романы мен повестері енгізілген.

Бұл кітап, ойдың тереңдігін, сөздің қуаттылығын, тілдің шұрайын білгісі келген бүгінгі күннің оқырмандары үшін де аса құнды.

 

84(5Қаз)6-7

Ә 79

Әубәкіров, О. 

       Сықақ, өлеңдер, сатиралық, әңгімелер [Мәтін] : [жинақ] / О. Әубәкіров. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 317 б. : портр. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-74-9 (мұқ.) : 750.00 тг.

Күлкі әлеміне қоңыраулатып келген сатира сардары Оспанхан Әубәкіровтың аты естілгенде-ақ оны білетіндердің  жан-жүрегі жібіп, жүздері күлімдеп қоя береді. Ал жаңа буын жастар оны қолына алып оқи бастағаннан астарлы ой мен әдемі әзілдерге тереңдей берері сөзсіз. Оспанхан Әубәкіровтың жинақтары қазақ әдебиетіне қосылған үлкен қазына деуге лайық ескірмейтін және естен кетпейтін туындылар.

Кітап жалпы оқырмандарға арналады.

 

 84(5Қаз)6

Е 79

Есенберлин, І. 

       Қаһар [Мәтін] : роман / І. Есенберлин. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 359 б. : портр. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-71-8 (мұқ.) : 844.00 тг.

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің « Қаһар» атты романы атақты «Көшпенділер» трилогиясының бір бөлімі. Күні кешегі империяның қаһарлы кезінде қаймықпай жазылған роман тарихи құндылығымен, көркем суреткерлігімен, асқақ та айбынды рухымен ерекшеленеді. Сан ұрпақты тәрбиелеген кесек туынды бүгінде онан сайын өз қажеттілігін дәлелдей түсуде.

Кітап барша оқырмандарға арналады.

 

84(5Қаз)6-5

Ж 87

Жұмабаев, М. 

       Өлеңдер, поэмалар [Мәтін] : жинақ / М. Жұмабаев. - Алматы : Ан- Арыс, 2009. - 319 б. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-35-0 (мұқ.) : 750.00 тг.

Қайта оқыған сайын қазып оқуды қажет ететін Мағжанның маржан жырларынан түзілген бұл жинақ өлеңдер мен поэмалардан тұрады.

Мағжан жыры, Мағжан мұңы-халықтың сыры, шындықтың шыңы. Ұлтын, жұртын өртеніп сүйген ақынның рухы-оқырманның көкірек көзіне шоқ, көңіл көкжиегіне шуақ берері сөзсіз.

Кітап қалың оқырман қауымға арналады.

 

84(5Қаз)6-5

М 37

Мәуленов, С. 

       Өлеңдер, поэмалар, балладалар, аудармалар [Мәтін] : [жинақ] / С. Мәуленов. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 319 б. : портр. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-72-5 (мұқ.) : 750.00 тг.

Қазақ поэзиясында өз үні, сара жолы бар ақын Сырбай Мәуленовтың бұл жинағына таңдаулы өлеңдері, балладалары мен поэмалары, аудармалары беріліп отыр. Ақының қызықты әсерлерге толы жырлары оқырман қауымның жүректеріне жақын. Өлеңдер мен баллада, поэмалар жеңіл оқылады. Аудармалар көркемділігімен, ойды дәл беруімен құнды. Ондағы көркем нақыштар ақынның шеберлігін байқатады.

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленовтің шығармаларындағы махаббат, табиғат лирикалары мен Отаншылдық, ұлтжандылық рухындағы өлеңдер оқыған сайын түрлі сезімдерге бөлейді.

Кітап қалың оқырман қауымға арналады.

 

 84(5Қаз)6

М 67

Момышұлы, Б. 

       Романдар [Мәтін] : [жинақ] / Б. Момышұлы. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 319 б. : портр. - (Алтын қалам). - Мазмұны: Ұшқан ұя ; Курляндия майданы. - ISBN 978-601-7130-82-4 (мұқ.) : 750.00 тг.

«Ұшқан ұя» романы көлемінің шағын болуына қарамастан аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбет өте шынайы суреттеледі. Шығарманы оқи отырып тегіміздің тереңде жатқанын сеземіз, даңққа балайтын даралығымызды көреміз. Ал «Курляндия майданы» кезінде жарық көрмеген романы. Сан қырлы қаламгерлігінің  жаңа беттерін көрсететін бұл еңбегі де Бауыржан Момышұлына тән талғампаздықты, турашылдықты жарқыратып тұр.

Кітап жалпы оқырмандарға арналады.

 

 84(5Қаз)6

М 84

Мұратбеков, С. 

       Жабайы алма [Мәтін]: повесть / С. Мұратбеков. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 397 б. : портр. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-75-6 (мұқ.) : 938.00 тг.

Қазақ әдебиетіне өткен ғасырдың 60-шы жылдары келген Сайын Мұратбеков шығармашылығы адам-қоғам-таным үштігін паш етуге күш салады. Адам баласының бұла шағы-балалықтың алтын елестерін оқырманның көз алдына әкеледі. Соғыстан кейінгі елдің басындағы хал-ахуалды суреттейтін «Жабайы алма» қалың оқырманға арналған.

 

 84(5Қаз)6-5

Т 28

Тәжібаев, Ә. 

       Өлеңдер, поэмалар [Мәтін] : [жинақ] / Ә. Тәжібаев. - Алматы : Ан- Арыс, 2010. - 303 б. : портр. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-77-0 (мұқ.) : 713.00 тг.

Кең тынысты, ойы ұшқыр, қаламы қарымды халық жазушысы Әбділда Тәжібаев өз заманының өрен жүйрігі. Оның еңбектері елінің игілігіне айналып, руханиятымыздың алтын қорына қосылған бағалы қазына.

Жалпы оқырманға арналған бұл бір томдығына таңдаулы туындылары енгізілді.

 

 84(5Қаз)6

Ш 18

Шаймерденов, С. 

       Хикаяттар [Мәтін] / С. Шаймерденов. - Алматы : Ан Арыс, 2010. - 319 б. : портр. - (Алтын қалам). - ISBN 978-601-7130-79-4 (мұқ.) : 750.00 тг.

Жазушы Сафуан Шаймерденов қаламынан туған әрбір шығарма оқырмандарын ешқашан бейжай қалдырған емес. Шынайылығымен, көркемділігімен, ой тереңдігімен баурап отырады. Бұл жинаққа топтастырылған «Мезгіл», «Қарғаш», «Ит ашуы» секілді хикаяттары да тартымдылығымен өз бағасын алған құнды дүниелер. Бүгінгі таңдағы мәдениетін, әдебиетін, тілін ардақ тұтқан ұрпаққа тіпті де қажет.