Құрметті оқырмандар!!!

Кітапхана қоры театр және кинотанушыларға, оқу орындарына, өнер сүйер қауымға арналған жаңа әдебиетпен толықты.

Қазақ халқының театр және кино өнерін биік белеске көтерген тұлғалардың бірегейі - Сәбира Майқанованың әр жылдарда сомдаған рольдерінің суреттері жинақталған "Сәбира Майқанова" атты фотоальбомда ұлы актрисаның шығармашылық ғұмырынан сыр шертіледі. Ол М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, А.Чехов, Н.Гоголь, А.Островский, О.Иоселиани, Ж.Мольер шығармаларында әйел, ана тұлғаларын асқан шеберлікпен шынайы сомдаған.

Қазақстанның халық артисі, КСРО халық артисі, Мемлекеттік Сыйлықтың иегері С.Майқанованың 100 жыл толуына арнап дайындалған фотоальбом театр сыншысы Ә.Сығайдың ерекше құрметке толы естелігімен басталады. Бүкіл қазақ сахна өнерінің алып анасына айналған актрисаның өнердегі сәулелі ғұмырымен таныс болыңыздар.

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi Сiздердi асыға күтеді!

Келіңіздер! Оқыңыздар!

Құрметті оқырман, мағыналы, ойлы сұхбат, маңызды деректер, тарихи сараптамалық материал, мәдениеттегі айтулы оқиғалардың бәрін бір басылымнан – "Мәдениет" журналынан таба аласыздар!

Қазақ мерзімді басылымдар ішінде ойып орын алатын "Мәдениет" мәдени-сараптамалық журналы 2006 жылдан бастап шығады. Бас редактор әдебиет сүйер қауымға кеңінен танымал, бірнеше буын жастарды өз шығармаларымен тәрбиелеп өсірген, танымал жазушы, драматург Дулат Исабеков.

Толығырақ...

Биыл жазушы-сатирик, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышұлы 80 жаста!

Қазіргі қазақ сатирасының туын ұстап келе жатқан қаламгерлердің бірі. Ұлттық әзіл-сықақ, әжуа-мысқыл жанрын дамытуда алатын орны ерекше. 2008 жылы жарық көрген «Анау-мынауизация» атты кітабының авторы. 

Назарларыңызға ұсынып отырған бұл жинағына бұрынғы әңгімелерінің біразы және жаңалары енгізілді. Сонымен қатар, кітапта өзге ұлт жазушыларының туындыларынан жасаған аудармаларының бір тобы бар. Қаламгердің кез келген туындысы оқырман қауымды риза етері анық.

Құрметті оқырмандар!

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі "Жаңа кітаптар" атты көрмесін Сіздердің назарларыңызға ұсынады.

Бұл көрмеде ұлттық музыка мәдениетіне арналған Б. Тұрмағамбетованың "Ұлттық өнер – өміршең қазына", бейнелеу өнер саласының мамандарына арналған өнертанушы Қ.Оразқұлованың "Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана: мәдени-философиялық талдау", ал театр және бейнелеу өнері саласында еңбек етіп жүрген мамандарға арналған М. Жақсылықованың "Қазақ кәсіби актерлік өнерінің даму ерекшеліктері" атты еңбектері жинақталған.

Толығырақ...

 Құрметті оқырмандар!

Кітапханамыздың қоры көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы Төралқасының мүшесі,ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Платиналы "Тарланның" иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, театр білгірі Әшірбек Төребайұлы Сығайдың "Таңғажайып театр" атты жаңа кітаппен толықты. Бұл еңбек жоғары өнер оқу орындарының шәкірттері мен жалпы театр сүйер зиялы қауымға арналған.

Толығырақ...