Құрметті оқырмандар!

Кітапханамыздың қоры көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы Төралқасының мүшесі,ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Платиналы "Тарланның" иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, театр білгірі Әшірбек Төребайұлы Сығайдың "Таңғажайып театр" атты жаңа кітаппен толықты. Бұл еңбек жоғары өнер оқу орындарының шәкірттері мен жалпы театр сүйер зиялы қауымға арналған.

Бұл кітапта автордың соңғы жылдары жазылған дүниелері берілді. Автордың "Театрлар шеруі", "Қазақ жеріндегі ұлт театрлары", "Әсерлер әлемі", "Жарқын тұлғалар", сынды төрт тараудан тұратын бұл еңбек таңғажайып театр әлемінің саналуан мәселелерінен, оның ғаламға танылған жарқын тұлғалары жайынан сыр шертеді.Көңіл қойған кісіге мағлұматы мол, мазмұны тағылымды.Театр өнерінің сәуегейі, тамыршысы, қара қылды қақ жаратын әділ төрешісі, көркемсөз шебері – Әшірбек Төребайұлының мезгілсіз қазасы мемлекетіміз үшін, төл өнеріміз бен мәдениетіміз үшін орны толмас қайғы екені сөзсіз.

Ғалымның хаты өшпейді" дегендей, Әшірбек Төребайұлының артында ұйыған отбасы, қимас достары,қалыңормандай қайыспас шәкірттері, ұстаз ісін жалғастырар ізбасарлары бар.

Адамдық пен адалдықты ту еткен тау тұлғаның нұрлы бейнесі көкірегімізде мәңгі сақталады.

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi Сiздердi асыға күтеді!

Келіңіздер! Оқыңыздар!